Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІII тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІII тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІII тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

    2. «Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

    2) осы қаулының Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Облыс әкімі

    М. Сұлтанғазиев

    Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 233 қаулысына қосымша

    Алматы облысы бойынша 2025 жылғы ІII тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

    Р/с
    Та­у­ар ата­уы
    Өл­шем бір­лі­гі
    Әле­умет­тік ма­ңы­зы бар азық-тү­лік та­у­ар­лар ба­ға­сы­ның шек­ті мән­де­рі (тең­ге)
    1
    Та­зар­ты­л­ған кү­ріш (до­ма­лақ дән­ді, өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    557
    2
    Бі­рін­ші сұ­рып­ты би­дай ұны
    кг
    298
    3
    Қа­ра­құ­мық жар­ма­сы (дән, өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    281
    4
    Бі­рін­ші сорт­ты ұн­нан жа­сал­ған би­дай на­ны (пі­шін­ді)
    кг
    5
    Рож­ки (өл­ше­ніп са­лы­на­тын)
    кг
    355
    6
    Сиыр еті (сүй­ек­ті жа­уы­рын-төс бө­лі­гі)
    кг
    3491
    7
    Та­уық еті (сан сүй­ек және ір­ге­лес жұм­сақ еті бар сан жі­лік)
    кг
    1612
    8
    Па­стер­лен­ген сүт, май­лы­лы­ғы 2,5%, жұм­сақ қап­та­ма­да
    литр
    528
    9
    Май­лы­лы­ғы 2,5% ай­ран, жұм­сақ қап­та­ма­да
    литр
    538
    10
    Сүз­бе: май­лы­лы­ғы 5-9%
    кг
    2710
    11
    Та­уық жұ­мырт­қа­сы (I са­нат­ты)
    он да­на
    712
    12
    Са­ры май (тұз­дал­ма­ған, май­лы­лы­ғы ке­мін­де 72,5%, то­лық­тыр­ғы­штар және өсім­дік май­ла­ры жоқ)
    кг
    4930
    13
    Күн­ба­ғыс майы
    литр
    981
    14
    Ақ қа­удан­ды қы­рық­қа­бат
    кг
    286
    15
    Ба­сты пи­яз
    кг
    297
    16
    Ас­ха­на­лық сә­біз
    кг
    347
    17
    Кар­топ
    кг
    362
    18
    Ақ қант – құм­ше­кер
    кг
    493
    19
    Ac тұ­зы («Экс­т­ра»-дан бас­қа)
    кг
    96

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.