Қарқаралы ауданының әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қарқаралы ауданы әкімінің келесі шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
1) Қарқаралы ауданының әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 «Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5074 болып тіркелген) шешімі;
2) Қарқаралы ауданының әкімінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 3 «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы әкімінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 05 «Қарқаралы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31469 болып тіркелген) шешімі.
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қарқаралы ауданының әкімі
Ә. Арғынов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.