«Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2025 ж.

    «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 3 сәуірдегі № 240 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15099 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    ««Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Қазақстан Республикасында өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленген және сараптама ұйымдарының өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізу тәртібін айқындайды.»;

    5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) объектінің өрт қауіптілігін, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейін сипаттайтын құжаттарды талдау, оның ішінде:

    өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарының орындалуын және жобалау құжаттамасының сәйкестігін талдау;

    объектінің басшылары мен персоналының даярлығы;»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Қорытынды бекітілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде сараптама ұйымы азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық органына қорытындының көшірмесін ұсынады.»;

    көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Қазақстан Республикасының

    Төтенше жағдайлар министрі

    2025 жылғы 29 шілдедегі

    № 295 бұйрығына

    қосымша

    Өрт қауіпсіздігі саласындағы

    аудит жүргізу қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Бекітемін Сараптама ұйымының басшысы

    ___________________________

    сараптама ұйымының атауы,

    ___________________________

    тегі, аты, әкесінің аты

    (болған жағдайда),

    қолы, күні, мөр

    ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ САЛАСЫНДАҒЫ АУДИТ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

    20___ ж. «__»_________ № __________

    _________________________________________________________________

    бағалау объектісінің атауы, мекенжайы

    Қорытынды 5 жұмыс күні ішінде келіп түсті _________________________

    ____________________________________________________________________

    Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрілігінің аумақтық органы

    Кіріс №_____ күні ____________

    1. Тапсырыс беруші және орындаушы туралы мәліметтер:

    1.1 Тапсырыс беруші туралы мәліметтер

    Тапсырыс берушінің толық және қысқартылған атауы ________________

    ____________________________________________________________________

    тапысырыс беруші ұйымның атауы

    Тұратын жері _______________________________________________

    Ұйым басшысы _______________________________________________

    1.2. Орындаушы сараптама ұйымы туралы мәліметтер (орындаушының толық және қысқартылған атауы)

    _______________________________________________

    орындаушы ұйымның атауы

    Тұратын жері

    _______________________________________________

    Ұйымның басшысы

    _______________________________________________

    Сараптама ұйымы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттелген. ____ жылғы № ____ аккредиттеу аттестаты _______ жылға дейін жарамды.

    2. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізудің негізі шарт болып табылады (көшірмесі қоса беріледі).

    3. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит объектінің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптарға сәйкестігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

    4. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізуге қатысушы адамдар:

    4.1. Тапсырыс беруші және орындаушы, ұйым, пайдаланылған объекті өкілдерінің лауазымды адамдарының тегі, аты және әкесінің аты (болған кезде), олардың қатысуымен тексеру жүргізілді

    ___________________________________________________

    5. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жүргізілетін объект.

    Нақты пайдаланылуына сәйкес атауы:

    ____________________________________________________________________

    ғимараттардың, құрылыстардың, аумақтардың атауы көрсетілуі тиіс

    Функционалды өрт қауіптілігінің сыныбы:

    ____________________________________________________________________

    Мекенжайы:______________________________________________________

    Құқық түрі: жеке меншік, жалға алу, жедел басқаруда:

    ____________________________________________________________________

    6. Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит негізінде жүргізілген өрт қауіпсіздігі талаптарының айқындалуы.

    Объектіге арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын регламенттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер тізбесі

    _________________________________________________________________

    ________________________________________________________________

    тізбесі көрсетіледі

    7. Объектінің жалпы техникалық сипаттамасы.

    Кәсіпорын, ұйым мынадай қызмет түрін жүзеге асырады:

    _______________________________________________

    Ғимарат, үй-жай мыналарға арналған:

    _______________________________________________

    Ғимарат, үй-жай мыналар болып табылады:

    _______________________________________________

    Қабаттылығы:

    _______________________________________________

    Ғимарат іргетасы:

    _______________________________________________

    Сыртқы қабырғалары (материалы):

    ________________________________________________

    Ішкі қабырғалары және бөлу қабырғалары (материалы):

    ________________________________________________

    Жабыны (түрі, материалы):

    ________________________________________________

    Сатысы (материалы):

    ________________________________________________

    Ғимарат биіктігі:

    ________________________________________________

    Ғимарат, үй-жай ауданы:

    ________________________________________________

    Ғимарат көлемі:

    ________________________________________________

    Жарық беру:

    ________________________________________________

    Желдету:

    ________________________________________________

    Жылу беру:

    ________________________________________________

    Объектіні:

    _______________________________________________________ қорғайды

    8. Құжаттамалық тексеру

    Р/с№
    Құ­жат­та­ма­ның ата­уы
    бар
    жоқ
    ес­керт­пе
    1
    Өрт қа­уіп­сіз­ді­гін қам­та­ма­сыз ету­ге жа­у­ап­ты адам­дар­ды та­ғай­ын­дау ту­ра­лы бұй­рық
    2
    Қыз­мет­кер­лер­дің өрт-тех­ни­ка­лық ми­ни­мум өт­кен­ді­гі ту­ра­лы ку­ә­лік­те­рі
    3
    Өрт­ке қар­сы ре­жим­ді бел­гі­леу ту­ра­лы бұй­рық
    4
    Объ­ек­ті­де­гі өрт қа­уіп­сіз­ді­гі ша­ра­ла­ры ту­ра­лы нұс­қа­улық
    5
    Өрт­ке қар­сы негіз­гі, ба­стап­қы, қай­та­лау және ны­са­на­лы нұс­қа­ма­лар тір­кеу жур­на­лы
    6
    Өрт­ті анық­та­удың және сөн­ді­ру­дің, тү­тін­нен та­зар­ту және адам­дар­ды құ­лақ­тан­ды­ру (болған кез­де) ав­то­мат­ты жүй­е­лер­ді пай­да­ла­ну­ға ен­гі­зу ак­ті­ле­рі
    7
    Өрт­ті анық­тау және сөн­ді­ру жүй­е­ле­рін, тү­тін­нен та­зар­ту және жүй­е­ле­рін тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту және жос­пар­лы-ал­дын алу жөн­деу жө­нін­де­гі жұ­мыстар­дың жос­пар-кесте­сі
    8
    Сырт­қы және іш­кі өрт­ке қар­сы су­мен жаб­дық­тау жүй­е­ле­рі­нің жұ­мысқа қа­бі­лет­ті­лі­гін тек­се­ру ак­ті­ле­рі
    9
    Жа­бын­ның ме­талл өрт сөн­ді­ру са­ты­ла­ры мен қор­ша­у­ла­рын пай­да­ла­ны­лу­дың сы­нау хат­та­ма­сы
    10
    Ба­стап­қы өрт сөн­ді­ру құ­рал­да­ры­ның бар-жо­ғын және тех­ни­ка­лық жай-күй­ін есеп­ке алу жур­на­лы
    11
    От­қа қар­сы өң­де­удің жай-күй­ін тек­се­ру хат­та­ма­сы
    12
    Кү­ш­тік және жа­рық бе­ру электр жаб­дық­та­рын, электр же­лі­ле­рін оқ­ша­у­лау қар­сы­лы­ғын өл­шеу ак­ті­ле­рі
    13
    Жер­ге тұй­ық­тай­тын және жер­ге тұй­ық­та­ғыш ке­дер­гі­лер­ді тек­се­ру хат­та­ма­сы
    Объектінің өрт қауіптілігін сипаттайтын, қосымша талдау жүргізілген
    құжаттама, сондай-ақ персоналдың даярлық деңгейі туралы қосымша
    ақпарат:
    ____________________________________________________________________
    ____________________________________________________________________
    9. Объектіні тексерудің нәтижелері. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптардың баптарын, тармақтарын көрсете отырып, анықталған бұзушылықтарды жазу:
    1.______________________________________________________________
    2.______________________________________________________________
    3.______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    Ескертпе: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық болмаған жағдайда, бұзушылықтың болмауы туралы тиісті жазба жүргізіледі.
    10. Обьектінің өрт қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмегендігі туралы қорытындылар.
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    11. Осы қорытындының қосымша шарттары.
    Қорытынды мынадай:
    тапсырыс беруші таратылған және ауысқан (заңды тұлға, жеке кәсіпкер, жеке тұлға);
    осы қорытындыда көрсетілмеген (яғни қайтадан жол берілген) өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар: ғимараттың (құрылыстың) сәулет-құрылыс, көлемдік-жоспарлау шешімдері; технологиялық процестер, аумақтар. Сондай-ақ, объектінің немесе оның бөлігінің өрт қауіптілігінің (функционалдық мақсатының) сыныбы өзгерген, күрделі жөндеу, реконструкциялау, техникалық қайта жарақтау жағдайларында күшін жояды.
    12. Пайдаланылған нормативтік актілер мен құжаттардың, анықтамалық көздер мен бастапқы деректердің және басқа да ақпараттың тізбесі:
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    _______________________________________________________________
    14. Қосымша: аккредиттеу құжаттары; аудит жүргізуге қатысатын адамдардың білімі туралы құжаттардың көшірмелері; өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі жұмысты жүргізу шарты; қорытындының 8-тармағы бойынша растайтын құжаттардың көшірмелері.
    Аудит объектісінің (тапсырыс берушінің) өкілдері:

    _______________ __________________ ________________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    __________________ _______________ _______________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Аудитті жүргізген сараптама ұйымының өкілдері:

    __________________ _________________ _______________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    __________________ __________________ ______________________ лауазымы қолы тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

    Тігілген, мөрмен куәландырылған.

    Парақтар _________________________

    соңғы парақтың артқы бетінде

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.