«Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 29 шілде 2025 ж.

    «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27маусымдағы № 249 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы акт нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2024 жылғы 27 маусымдағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 34610 болып тіркелді) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 78) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:».

    2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

    Ч. Аринов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.