«Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 22 желтоқсандағы № 458 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін тауар биржаларынан тыс Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу жоспары шеңберінде сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі
Е. Аккенженов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
2025 жылғы 30 шілдедегі
№ 298-н/қ
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2025 жылғы___________
№____бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2023 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 458 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының аумағындағы автогаз құю станциялары үшін Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын беру жоспары шеңберінде тауар биржаларынан тыс сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізудің шекті бағалары
|
№
|
Атауы
|
Тауар нарығының географиялық шекаралары
|
Шалғайдағы аудандарды қоспағанда, қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
|
Облыс орталығынан 200 (екі жүз) километрден астам қашықтықта орналасқан шалғай аудандар үшін қосылған құн салығымен шекті бөлшек сауда бағасы, 1 литр үшін теңге
|
|
1.
|
Сұйытылған мұнай газы
|
Астана қаласы
|
112
|
-
|
|
2.
|
Алматы қаласы
|
112
|
-
|
|
|
3.
|
Ақтөбе облысы
|
85
|
90
|
|
|
4.
|
Атырау облысы
|
85
|
90
|
|
|
5.
|
Ақмола облысы
|
112
|
117
|
|
|
6.
|
Алматы облысы
|
112
|
117
|
|
|
7.
|
Шығыс Қазақстан облысы
|
112
|
117
|
|
|
8.
|
Жамбыл облысы
|
102
|
107
|
|
|
9.
|
Батыс Қазақстан облысы
|
85
|
90
|
|
|
10.
|
Қостанай облысы
|
112
|
117
|
|
|
11.
|
Қызылорда облысы
|
102
|
107
|
|
|
12.
|
Қарағанды облысы
|
112
|
117
|
|
|
13.
|
Маңғыстау облысы
|
72
|
77
|
|
|
14.
|
Павлодар облысы
|
112
|
117
|
|
|
15.
|
Солтүстік Қазақстан облысы
|
112
|
117
|
|
|
16.
|
Түркістан облысы
|
102
|
107
|
|
|
17.
|
Шымкент қаласы
|
102
|
-
|
|
|
18.
|
Абай облысы
|
112
|
117
|
|
|
19.
|
Жетісу облысы
|
112
|
117
|
|
|
20.
|
Ұлытау облысы
|
112
|
117
|
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.