«Тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 24 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 67 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаОрталық атқарушы органдардың бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 23 мамыр 2025 ж.

    «Тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 24 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 67 бірлескен бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. «Тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2010 жылғы 11 ақпандағы № 24 және Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 67 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6102 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрілігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министрдің м.а.

    __________Б. Омарбеков

    Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

    __________А. Балаева

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Бас прокуратурасының

    Құқықтық статистика және арнайы

    есепке алу жөніндегі комитеті

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.