Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7787 болып тіркелген);
«Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі № а-4/172 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 1 ақпандағы № А-2/36 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8344 болып тіркелген).
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы
Е.Рамазанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.