Әйтеке би ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күшін жою туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, « Азаматтық қорғаныс туралы » Қазақстан Республикасы Заңының 57 бабына және 2025 жылғы 21 шілдедегі Әйтеке би ауданы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының № 2 хаттамасының негізінде, ШЕШІМ ЕТТІМ:
1. Әйтеке би ауданы әкімінің 2024 жылғы 8 ақпандағы № 1 «Жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің төтенше жағдайларды алдын-алуға жауапты орынбасарына жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Д. Тоғызбаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.