«Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 шілде 2025 ж.

    «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 354 (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12608 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидаларында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 14-бабы 3-тармағына және «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 7-бабы 35-7) тармақшасына сәйкес әзірленген және республикалық және жергілікті бюджеттен мемлекеттік театрларға, концерттік ұйымдарға, мәдени-демалыс ұйымдарына, музейлерге және цирктерге субсидиялар төлеудің тәртібін (бұдан әрі – бюджеттік субсидиялар) айқындайды.»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрi – бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi) бюджеттiк субсидияларды бөлу меншікті қаражат есебiнен өтелетін залал көлемін шегере отырып, мемлекеттiк театрлардың, концерттік ұйымдарының, мәдени-демалыс ұйымдарының, музейлердің және цирктердің залалын өтеуге бағыттау арқылы жүзеге асырады.»;

    Қағидаларға 1-1-қосымшасы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушы

    К. Искаков

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Мәдениет және ақпарат

    министрінің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 22 шілдедегі

    № 332-НҚ бұйрығына

    қосымша

    Мемлекеттік театрларға,

    концерттік ұйымдарға, мәдени-

    демалыс ұйымдарына,

    музейлерге және цирктерге

    субсидиялар төлеу

    қағидаларына

    1-1-қосымша

    Республикалық театрлар, концерттік ұйымдардың және музейлердің залалын өтеуге арналған субсидиялардың мөлшері

    № п/п
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен суб­си­дия мөл­ше­рі (пай­ыз %)
    Ұй­ым­дар ата­уы
    1
    2
    3
    1.
    92 %
    «Аста­на Опе­ра» мем­ле­кет­тік опе­ра және ба­лет те­ат­ры» Ке­АҚ
    2.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Абай атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық опе­ра және ба­лет те­ат­ры» РМҚК
    3.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Мұх­тар Әу­е­зов атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
    4.
    85 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ми­ха­ил Лер­мон­тов атын­да­ғы Ұлт­тық орыс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
    5.
    87 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ға­бит Мү­сі­ре­пов атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер те­ат­ры» РМҚК
    6.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «На­та­лия Сац атын­да­ғы Орыс мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ба­ла­лар мен жа­сө­спі­рім­дер те­ат­ры» РМҚК
    7.
    97 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ко­рей му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
    8.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Құдыс Қо­жа­ми­я­ров атын­да­ғы рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық ұй­ғыр му­зы­ка­лық ко­ме­дия те­ат­ры» РМҚК
    9.
    96 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Рес­пуб­ли­ка­лық ака­де­ми­я­лық неміс дра­ма те­ат­ры» РМҚК
    10.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның «Сал­та­нат» мем­ле­кет­тік би ан­сам­блі» РМҚК
    11.
    97 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық би те­ат­ры» РМҚК
    12.
    93 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Жам­был атын­да­ғы Қа­зақ мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық фи­лар­мо­ни­я­сы» РМҚК
    13.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Құр­ман­ға­зы атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық ха­лық ас­пап­тар ор­кест­рі» РМҚК
    14.
    97 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Ка­ме­ра­та­сы» клас­си­ка­лық му­зы­ка ан­сам­блі» РМҚК
    15.
    93 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ро­за Ба­ғла­но­ва атын­да­ғы «Қа­з­ақ­кон­церт» мем­ле­кет­тік ака­де­ми­я­лық кон­церт­тік ұй­ы­мы» РМҚК
    16.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­ли­бек Қу­а­ныш­ба­ев атын­да­ғы Қа­зақ ұлт­тық му­зы­ка­лық дра­ма те­ат­ры» РМҚК
    17.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік ор­та­лық му­зейі» РМҚК
    18.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Әбіл­хан Қа­сте­ев атын­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның мем­ле­кет­тік өнер му­зейі» РМҚК
    19.
    88 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Си­рек кез­де­се­тін қи­яқ­ты саз ас­пап­та­ры­ның мем­ле­кет­тік кол­лек­ци­я­сы» РМҚК
    20.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Мә­де­ни­ет­тер­ді жа­қын­да­сты­ру ор­та­лы­ғы» мем­ле­кет­тік му­зейі» РМҚК
    21.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ор­даб­а­сы» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни қо­ры­ғы» РМҚК
    22.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бе­рел» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    23.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Есік» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    24.
    85 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Оты­рар» мем­ле­кет­тік ар­хео­ло­ги­я­лық му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    25.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ұлы­тау» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    26.
    70 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Әзі­рет Сұл­тан» ұлт­тық та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    27.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Абай­дың «Жи­де­бай-Бө­рі­лі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және әде­би-ме­мо­ри­ал­дық му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    28.
    90 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Ежел­гі Та­раз ес­керт­кіш­те­рі» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    29.
    97 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Таң­ба­лы» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни және та­би­ғи му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    30.
    95 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ұлт­тық му­зейі» РМҚК
    31.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бо­зоқ» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    32.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Бо­тай» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    33.
    98 %
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Мә­де­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі Мә­де­ни­ет ко­ми­те­ті­нің «Са­рай­шық» мем­ле­кет­тік та­ри­хи-мә­де­ни му­зей-қо­ры­ғы» РМҚК
    Ескертпе. Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    КеАҚ – коммерциялық емес акционерлік қоғамы;
    РМҚК – республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.