Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 шілде 2025 ж.

    Қоғамдық жұмыстардың түрлерін және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесін айқындау туралы

    Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі айқындалсын.

    2. Шахтинск қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы № 2/5 «Орындарды белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары С. Б. Жаппаровқа жүктелсін.

    4. Осы қаулы 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

    Шахтинск қаласының әкімі

    М. Кыдырганбеков

    Шахтинск қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 25

    шілдедегі

    № 35/04

    қаулысына қосымша

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері және қоғамдық жұмыстар орындалуға тиіс ұйымдардың тізбесі

    Қоғамдық жұмыстардың түрлері
    ұйымдардың тізімі
    1
    аумақты абаттандыру;
    аумақты жинау және тазалау;
    белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
    «Долинка кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    2
    аумақты абаттандыру;
    аумақты жинау және тазалау;
    белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
    «Новодолинский кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    3
    аумақты абаттандыру;
    аумақты жинау және тазалау;
    белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
    «Шахан кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
    4
    аумақты абаттандыру;
    аумақты жинау және тазалау;
    белгілі бір біліктілікті талап етпейтін басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар
    «Барс» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.