Панфилов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    Панфилов ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

    «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 140-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, Панфилов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Панфилов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы

    Т. Керімбеков

    Панфилов ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 29 шілдедегі № 338 қаулысына қосымша

    Аудандық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі

    Таза кіріс
    3 000 000 теңгеге дейін
    таза кіріс сомасынан 5 пайыз
    Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
    150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
    Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
    4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
    Таза кіріс 250 000 000 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
    34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
    Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
    97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
    Таза кіріс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары
    247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.