«Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы №26/131 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Түпқараған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы»Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2025 жылғы 17 наурыздағы №26/131 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1тармағының бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. «Форт-Шевченко қаласының жергілікті қоғамдастық жиналысының регламентін бекіту туралы» Түпқараған аудандық мәслихатының 2018 жылғы 20 шілдедегі №22/189 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3698 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:».
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Түпқараған аудандық мәслихат төрағасы
А.Байбатырова
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.