Абай облысы Жарма ауданы Шалабай ауылындағы көшенің қайта атауы туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес, Абай облысының ономастика комиссиясының 2025 жылғы 4 шілдедегі қорытындысы негізінде және Шалабай ауылының тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:
1. Абай облысы Жарма ауданы Шалабай ауылының «Береговая» көшесі «Ардагер» көшесі болып қайта аталсын:
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Ж. Есембаева
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.