«Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 шілде 2025 ж.

    «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 12 мамырдағы № 265 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28102 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бірыңғай индустрияландыру картасының өнеркәсіптік-инновациялық жобаларын мониторингтеу әдістемесінде:

    4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Мониторинг жоба картаға енгізілген сәтінен бастап жауапты мемлекеттік органмен тоқсан сайын жүргізіледі.

    Жауапты мемлекеттік орган Бірыңғай индустрияландыру картасының жобаларын Ұлттық цифрлық инвестициялық платформаға интеграциялауды жүзеге асырады.»

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Пайдалануға берілгенге дейінгі мониторинг мынадай көрсеткіштерді тексеру және өңдеу кіретін жобаның ағымдағы жай-күйін талдауды көздейді:

    1) негізгі капиталға салынған ағымдағы инвестиция көлемінің жалпы инвестиция көлеміне қатынасымен есептелетін инвестицияларды игеру;

    2) жобаның құрылысы кезеңінде тартылған жұмыс орындарының санымен анықталатын, уақытша жұмыс орындарының саны;

    3) орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) ағымдағы көлемінің жоба бойынша жалпы құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлеміне қатынасымен есептелетін, орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) пайызы;

    4) жобаны пайдалануға беру мерзімі.

    Жобаны іске асырудың жоспар-кестесінің іс-шараларының мерзімі бұзылған жағдайда, жауапты мемлекеттік орган өтінім берушімен бірлесіп себептерін анықтау және оларды шешу жолдарын пысықтау бойынша жұмыс жүргізеді және жобаның салалық тиесілігіне қарай орталық мемлекеттік органмен міндетті түрде келісе отырып, осы Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес жобаның жол картасын әзірлейді.

    Жауапты мемлекеттік органдар басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алынған деректер негізінде жобаларды іске асыру көрсеткіштерін тұрақты түрде тексеруді және өңдеуді жүргізеді.»;

    1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейінгі күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Статистикалық жоспарлау және

    реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және

    құрылыс министрінің

    2025 жылғы 21 шілдедегі

    № 271

    Бұйрыққа қосымша

    Бірыңғай

    индустрияландыру

    картасының өнеркәсіптік-

    инновациялық жобаларын

    мониторингтеу

    әдістемесіне

    1-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға

    арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz/memleket/entities/comprom.

    Әкімшілік дереккөздер нысанының атауы: Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): БИКЖА-1.

    Кезеңділік: тоқсан сайын.

    Есепті кезең: 20 ____ жылғы __________.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: қызметі өнеркәсіппен байланысты жауапты шаруашылық субъектілері (бұдан әрі – шаруашылық субъектілері), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), орталық мемлекеттік органдар.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін;

    аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) және орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін.

    ЖСН/БСН:

    (деректерді жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жинау әдісі (қағаз тасығышта, электронды түрде, телефон арқылы сауал салудың компьютерлендірілген жүйесі, қағаз тасығышта пайдалана отырып, интервьюердің жеке сауал салуы кезінде, дербес есептеу құрылғысын пайдалана отырып, интервьюердің жеке салуы кезінде): электронды түрде.

    Жо­ба­ның ата­уы
    Жо­ба­ның өті­ніш бе­ру­ші­сі
    БСН/ЖСН
    Құ­ры­л­тай­шы, ел, үлес
    Қыз­ме­ті өнер­к­ә­сіп­пен бай­ла­ны­сты жа­у­ап­ты ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер (бұ­дан әрі-ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші субъ­ек­ті­лер), аудан­дар­дың (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың) жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (әкім­дік­те­рі), об­лы­стар­дың, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла­лар­дың, аста­на­ның жер­гі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­да­ры (әкім­дік­те­рі), ор­та­лық мем­ле­кет­тік ор­ган­дар
    Жо­ба­ның мақ­са­ты
    ЭҚ­ЖЖ
    Эко­но­ми­ка­лық қыз­мет түр­ле­рі бө­лі­мі
    Об­лы­сы, қа­ла­сы, ауда­ны
    Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уі­ші бой­ын­ша Код
    Көр­се­ті­л­ген мем­ле­кет­тік ын­та­лан­ды­ру ша­ра­ла­ры
    Жұ­мыс орын­да­ры­ның са­ны
    ша­ра тү­рі­нің ата­уы
    құн­дық кө­рі­ні­сін­де­гі өл­ше­мі, мил­ли­он тең­ге
    құ­ры­лыс ке­зе­ңін­де
    пай­да­ла­ну ке­зе­ңіне
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    нысанның жалғасы
    Жо­ба­ға жос­пар­лан­ған ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге
    Жо­ба­ға нақ­ты ин­ве­сти­ция кө­ле­мі, мил­ли­он тең­ге
    Жо­ба­ны қар­жы­лан­ды­ру көз­де­рі, мил­ли­он тең­ге
    Шы­ға­ры­ла­тын өнім­нің ата­уы
    Жал­пы кө­ле­мі
    жыл­дар бой­ын­ша
    Жал­пы кө­ле­мі
    жыл­дар бой­ын­ша
    мен­шік­ті қа­ра­жат, мил­ли­он тең­ге
    қарыз қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге
    бюд­жет қа­ра­жа­ты, мил­ли­он тең­ге
    қар­жы­лан­ды­ру­ға қо­сым­ша қа­жет­ті­лік, мил­ли­он тең­ге
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    нысанның жалғасы
    Жо­ба­лық қу­а­ты
    Кү­ні
    Жыл­дар бой­ын­ша өн­ді­рі­л­ген өнім кө­ле­мі
    Ше­шу жол­да­рын пы­сық­тай оты­рып, ин­ве­стор­лар­дың про­бле­ма­лық мә­се­ле­ле­рі
    Бас­қа мем­ле­кет­тік ор­ган­дар­дың ақ­па­рат­тық жүй­е­ле­рі­мен са­лы­сты­ру ар­қы­лы жо­ба­лар­ды іс­ке асы­ру көр­сет­кіш­те­рін өң­де­у­ге жа­у­ап­ты ор­ган
    Ағым­да­ғы жағ­дайы
    Өті­ніш бе­ру­ші­нің бай­ла­ныс де­ректе­рі (Т.А.Ә., те­ле­фон)
    заттай кө­рі­ні­сте
    құн­дық мән­де, мил­ли­он тең­ге
    құ­ры­лы­стың ба­ста­луы (СС.АА.ЖЖ.)
    пай­да­ла­ну­ға бе­ру (СС.АА.ЖЖ.)
    заттай кө­рі­ні­сте
    құн­дық мән­де, мил­ли­он тең­ге
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    32
    33
    34
    Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшаға келтірілген.

    Атауы Мекенжайы Наименование Адрес

    _____________________________ ________________________ _____________________________ ________________________

    Телефоны Телефон ______________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы/Адрес электронной почты

    ______________________________________________________________

    Орындаушы _______________ Исполнитель ______________________________ қолы, телефоны тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) фамилия, имя и отчество подпись, телефон (при его наличии)

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам _______________ қолы Руководитель или лицо, исполняющее его обязанности подпись _________________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) фамилия, имя и отчество (при его наличии)

    Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

    Место для печати (за исключением лиц, являющихся субъектами частного предпринимательства)

    _____________________________________________________________________

    «Бірыңғай индустрияландыру картасының

    жобалары бойынша ақпарат»

    әкімшілік деректерді өтеусіз негізде

    жинауға арналған нысанға

    қосымша

    «Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсіндірме «Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары бойынша ақпарат» әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

    2. Нысанды қызметі өнеркәсіппен байланысты жауапты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), орталық мемлекеттік органдар толтырады.

    3. Нысанға орындаушы мен басшы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қояды.

    4. Нысанды Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне:

    шаруашылық жүргізуші субъектілер аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін;

    аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына (әкімдіктеріне) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күніне дейін;

    облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) және орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күніне дейін ұсынады.

    5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме

    6. Нысанның 1-бағанында жобаның реттік нөмірі көрсетіледі.

    7. Нысанның 2-бағанында жобаның атауы көрсетіледі.

    8. Нысанның 3-бағанында жобаның өтініш берушісі көрсетіледі.

    9. Нысанның 4-бағанында жоба өтініш берушінің бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

    10. Нысанның 5-бағанында Жарғыға сәйкес елі және жобаға қатысу үлесі көрсетілген жобаның құрылтайшысы (құрылтайшылары) көрсетіледі.

    11. Нысанның 6-бағанында қызметі өнеркәсіппен байланысты жауапты шаруашылық жүргізуші субъектілер (бұдан әрі – шаруашылық жүргізуші субъектілер), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері), орталық мемлекеттік органдар көрсетіледі.

    12. Нысанның 7-бағанында жобаның мақсаты – жаңа өндіріс немесе қолданыстағы өндірісті кеңейту және/немесе жаңғырту көрсетіледі.

    13. Нысанның 8-бағанында Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) көрсетіледі.

    14. Нысанның 9-бағанында жобаның экономикалық қызмет түрлері бөлімі көрсетіледі.

    15. Нысанның 10-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес жоба іске асырылатын облыс, қала, аудан көрсетіледі.

    16. Нысанның 11-бағанында әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша код көрсетіледі.

    17. Нысанның 12-бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шарасы түрінің атауы көрсетіледі.

    18. Нысанның 13-бағанында көрсетілген мемлекеттік ынталандыру шаралары құндық мәнде миллион теңгемен көрсетіледі.

    19. Нысанның 14-бағанында жобаны салу кезеңіне құрылған не жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

    20. Нысанның 15-бағанында жобалау құжаттамасына немесе жоба паспортына сәйкес пайдалану кезеңінде құрылған не жоспарланатын жұмыс орындарының саны көрсетіледі.

    22. Нысанның 16-бағанында жобаға инвестициялардың жалпы жоспарланған көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

    23. Нысанның 17-бағанында жобаға жылдар бойынша жоспарланған инвестициялар көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

    24. Нысанның 18-бағанында жобаға инвестициялардың жалпы нақты көлемі миллион теңгемен көрсетіледі.

    25. Нысанның 19-бағанында жобаға салынған инвестициялардың нақты көлемі жылдар бойынша миллион теңгемен көрсетіледі.

    26. Нысанның 20-бағанында жобаға өз қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

    27. Нысанның 21-бағанында Екінші деңгейдегі банктердің қарыз қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

    28. Нысанның 22-бағанында мемлекеттік ынталандыру шаралары операторларының және ұлттық компаниялардың бюджет қаражаты миллион теңгемен көрсетіледі.

    29. Нысанның 23-бағанында жоба бойынша қаржыландыруға қосымша қажеттілік миллион теңгемен көрсетіледі.

    30. Нысанның 24-бағанында жоба шеңберінде шығарылатын өнімнің атауы көрсетіледі.

    31. Нысанның 25-бағанында өлшем бірліктерін көрсете отырып, жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес заттай мәнде жобаның қуаты көрсетіледі.

    32. Нысанның 26-бағанында жобаның қуаты жобалық құжаттамаға немесе жобаның паспортына сәйкес құндық мәнде миллион теңгемен көрсетіледі.

    33. Нысанның 27-бағанында жоба құрылысының басталу күні көрсетіледі.

    34. Нысанның 28-бағанында пайдалануға беру актісіне немесе жабдықты қабылдау актісіне сәйкес жобаны пайдалануға беру күні көрсетіледі.

    35. Нысанның 29-бағанында жыл бойынша өлшем бірліктерін көрсете отырып, өндірілген өнімнің көлемі заттай түрде көрсетіледі.

    36. Нысанның 30-бағанында өндірілген өнімнің көлемі жылдар бойынша құндық мәнде миллион теңгемен көрсетіледі.

    37. Нысанның 31-бағанында шешу жолдарын пысықтай отырып, инвесторлардың проблемалық мәселелері көрсетіледі.

    38. Нысанның 32-бағанында басқа мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен салыстыру арқылы жобаларды іске асыру көрсеткіштерін өңдеуге жауапты орган көрсетіледі.

    39. Нысанның 33-бағанында орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі, жабдықты жеткізу және монтаждау және жүргізілген немесе жоспарланған жұмыстар, инвестицияларды игеру және/ немесе жобалық қуаттарды игеру бойынша ақпаратты қамтитын жобаның ағымдағы жай-күйі көрсетіледі.

    40. Нысанның 34-бағанында жоба өтініш берушінің байланыстары (аты-жөні, телефоны) көрсетіледі.

    Аббревиатуралардың толық жазылуы:

    1) БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі.

    2) ЖСН-жеке сәйкестендіру нөмірі.

    3) Т.А.Ә. – тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда).

    4) ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.