«Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялау туралы» Нұра ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 2 шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 25 шілде 2025 ж.

    «Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында табиғи сипаттағы жергілікті төтенше жағдай жариялау туралы» Нұра ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 2 шешімінің күшін жою туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына, 37 бабының 8-тармағына және Нұра ауданының төтенше жағдайларды алдын алу және жою бойынша комиссияның кезектен тыс отырысының 2025 жылғы 24 шілдедегі № 6 хаттамасына сәйкес, Нұра ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. «Қарағанды облысы Нұра ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай туралы» Нұра ауданы әкімінің 2025 жылғы 20 маусымдағы № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

    2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Нұра ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Нұрхатұлы Есжановқа жүктелсін.

    3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Нұра ауданының әкімі

    Б. Муканов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.