Нұсқаның өзектілігі
Қолданыстағы
Ескелді ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 510-бабына сәйкес, Ескелді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Ескелді ауданы бойынша жерлерді аймақтарға бөлу жобаларының (схемаларының) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға арттырылсын.
2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәслихат төрағасы
Қ. Сатанов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.