«Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы

    ҚолданыстағыӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Қолданыстағы

    «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 1-1) тармақшасына, 71-1-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер экспликациясы негізінде және 2025 жылғы 23 маусымдағы №ЗТ-2025-02082619 «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарай келе Жамбыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылдық округінің аумағында орналасқан жер учаскелері жер пайдаланушылардан алынбай, алаңы 30.8 гектар жер учаскесіне, Қосқұдық кен орнынан өндірістік алаңы АӨФ дейінгі технологиялық жолды салуға және пайдалануға жер учаскелерінің меншік иелерімен 15 жыл мерзімге жария сервитут белгіленсін.

    2. «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға жарамды күйге келтіру және жер пайдаланушылармен жасасқан шартта шығынды өтеу бойынша міндеттерін және басқа да шарттарды анықтау ұсынылсын.

    3. «Жамбыл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Алматы облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберуді;

    2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Жамбыл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау Жамбыл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Н. Ертас

    «Холдинговая компания «АРСЕНАЛ» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне жария сервитут белгілеу бойынша жер учаскелерінің ЭКСПЛИКАЦИЯСЫ

    Жер пай­да­ла­ну­шы­лар
    Ка­дастр­лік нө­мі­рі
    Мен­шік құқы­ғы
    Жал­пы
    кө­ле­мі га.
    Серви­тут бел­гі­леу жер кө­ле­мі га.
    Жай­ы­лым
    га.
    Егі­стік
    га
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    1
    Ну­рум­ба­ев Се­рик Жол­да­со­вич
    03-045-116-587
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді ор­тақ үле­стік жер пай­да­ла­ну
    1793,0
    9,8
    9,8
    2
    Бек­темб­а­ев Рус­лан Алим­ха­нол­вич
    03-045-116-583
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді пай­да­ла­ну
    498,7
    6,5
    6,5
    3
    Ай­да­бу­лов Би­тан Азар­ба­е­вич
    03-045-116-025
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді ор­тақ үле­стік жер пай­да­ла­ну
    268,0
    3,2
    3,2
    4
    Ай­да­бу­лов Би­тан Азар­ба­е­вич
    03-045-116-517
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді пай­да­ла­ну
    160,0
    1,9
    1,9
    5
    Бек­темб­а­ев Рус­лан Алим­ха­нол­вич
    03-045-116-584
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді пай­да­ла­ну
    140,0
    1,7
    1,7
    6
    Бу­ке­ба­ев Кул­да­рия
    03-045-116-024
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді пай­да­ла­ну
    400,0
    6,7
    6,7
    7
    «Hyper Group» ЖШС
    03-045-053-514
    Уа­қыт­ша өте­улі ұзақ мер­зім­ді пай­да­ла­ну
    861,0
    1,0
    1,0
    Бар­лы­ғы
    30,8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.