«Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 21 қаулысына толықтыру енгізу туралы
Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 7 ақпандағы № 21 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3786 болып тіркелген) келесі толықтыру енгізілсін:
қосымшада:
көрсетілген қаулымен бекітілген профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі келесі мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
«4. Мүйізді ірі қара малының аурулары: пироплазмоз.».
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі
С. Шәпкенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.