«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
О. Бектенов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2025 жылғы « » _______
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 1 наурыздағы
№ 100 қаулысына
қосымша
«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің құрамына сайланатын мемлекеттік органдардың өкілдері
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Директорлар кеңесінің төрағасы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, Директорлар кеңесінің мүшесі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы, Директорлар кеңесінің мүшесі
____________________________
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.