«Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 шілде 2025 ж.

    «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

    Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № 281 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24079 болып тіркелген) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

    көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

    2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Ақтөбе облысының әкімі

    А. Шахаров

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 134 қаулысына қосымша

    Ақтөбе облысы әкімдігінің

    2021 жылғы 20 тамыздағы

    № 281 қаулысына қосымша

    Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативі

    № р/с
    Ауы­л­ша­ру­а­шы­лық өнім ата­уы
    Те­рең­де­те өң­дел­ген өнім­дер­дің ата­уы
    Ши­кі­за­тқа қай­та есеп­тел­ген суб­си­ди­я­лар нор­ма­ти­ві (тең­ге/литр, тең­ге/кг)
    1
    2
    3
    4
    1
    Сүт
    Са­ры май
    107,0

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.