«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 шілде 2025 ж.

    «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрлiктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:

    15-тармақта:

    97) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «97) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес реттелетін салада тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру жүргізудің жартыжылдық графиктерін бекіту;»;

    132) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «132) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік заңды тұлғалардағы корпоративтік басқару мәселелері жөніндегі қызметті үйлестіруді және мониторингтеуді жүзеге асыру;»;

    202) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «202) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарға, сондай-ақ медициналық бұйымдарға бағаларды реттеу қағидаларын бекіту;»;

    236) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «236) көтермелеудің салалық жүйесі қағидаларын бекіту;»;

    238), 239) және 240) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «238) денсаулық сақтау ұйымдары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері үшін үлгілік штаттар мен штаттық нормативтерді бекіту;

    239) денсаулық сақтау жүйесі қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау, біліктілік деңгейін беру және растау қағидаларын бекіту;

    240) денсаулық сақтау саласындағы мамандықтар мен мамандандырулар номенклатурасын, денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері лауазымдарының номенклатурасы мен біліктілік сипаттамаларын бекіту;»;

    254) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «254) денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қалыптастыру, келісу және бекіту қағидаларын бекіту;»;

    мынадай мазмұндағы 323-80), 323-81), 323-82), 323-83), 323-84), 323-85), 323-86), 323-87), 323-88), 323-89), 323-90), 323-91), 323-92), 323-93), 323-94), 323-95), 323-96), 323-97), 323-98), 323-99), 323-100), 323-101), 323-102), 323-103), 323-104), 323-105), 323-106), 323-107), 323-108), 323-109), 323-110), 323-111), 323-112), 323-113), 323-114), 323-115), 323-116), 323-117), 323-118) және 323-119) тармақшалармен толықтырылсын:

    «323-80) медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

    323-81) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды қамтамасыз ету;

    323-82) дәрілік затты немесе медициналық бұйымды мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және оның тіркеу дерекнамасына өзгерістер енгізу кезінде өтініш беруші ұсынған құжаттарды есепке алу және жүйеге келтіру тәртібін айқындау;

    323-83) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды берудің ұзақ мерзімді шарттары шеңберінде бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың тізбесін бекіту;

    323-84) бөлшек және көтерме саудада өткізу үшін дәрілік заттың саудалық атауына арналған шекті бағаларды бекіту;

    323-85) медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу мен есептік құжаттаманың нысандарын өз құзыреті шегінде бекіту;

    323-86) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту;

    323-87) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуден кейінгі мониторинг жүргізу және аккредиттеу туралы куәлікті кері қайтарып алу қағидаларын, мерзімдерін бекіту;

    323-88) жүкті, босанатын әйелдердің қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ босанған әйелдер босанғаннан кейін күнтізбелік қырық екі күн ішінде қайтыс болған жағдайда, пациенттерге жоспарлы медициналық көмек (медициналық-санитариялық алғашқы көмек және мамандандырылған көмек, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтер) көрсету кезінде олардың кенеттен қайтыс болу жағдайлары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту;

    323-89) тәуелсіз сарапшылардың тізілімін жүргізу қағидаларын, сондай-ақ тәуелсіз сарапшылардың бірыңғай тізіліміне енгізу және одан шығару негіздерін бекіту;

    323-90) бірыңғай медициналық ақпараттық call-орталықтың қызметін ұйымдастыру қағидаларын және оның қызметінің регламентін бекіту;

    323-91) өз құзыреті шегінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын бекіту;

    323-92) кәсіптік аурудың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысын анықтау сараптамасының қағидаларын бекіту;

    323-93) медициналық қалдықтар бойынша ақпарат беру қағидаларын бекіту;

    323-94) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органға инфекциялық аурулар, улану оқиғалары туралы ақпарат (шұғыл хабархат) беру қағидаларын бекіту;

    323-95) эпидемиялық мәні бар объектілердің тізбесін бекіту;

    323-96) халықтың декреттелген тобының адамдарын гигиеналық оқыту қағидаларын бекіту;

    323-97) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына сәйкес келмейтiн өнiмдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

    323-98) санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл қағидаларын бекіту;

    323-99) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын, өндірісінде йодталмаған тұз пайдаланылатын тағамдық өнімнің жекелеген түрлерінің тізбесін бекіту;

    323-100) ауыр жұмыстарға, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарға, жерасты жұмыстарына еңбек шартын жасасу үшін, сондай-ақ халықтың декреттелген тобына жататын адамды жұмысқа жіберу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесін бекіту;

    323-101) денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған лицензияланатын қызмет түріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

    323-102) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-бағу қағидаларын бекіту;

    323-103) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданысын қайта бастау, қайта ресімдеу, қолданысын тоқтату қағидаларын бекіту;

    323-104) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту;

    323-105) өз құзыреті шегінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы құқықтық актілерді және есепке алу құжаттамасы мен есептік құжаттаманың нысандарын бекіту;

    323-106) тиісті фармацевтикалық практикалардың стандарттарын бекіту;

    323-107) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларын бекіту;

    323-108) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласында инспекциялауды жүргізу қағидаларын бекіту;

    323-109) Қазақстан Республикасының фармацевтикалық инспекторатын қалыптастыру, фармацевтикалық инспекторларының тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту;

    323-110) нарықтан, оның ішінде медициналық ұйымдарда тәуекелге бағдарланған тәсіл ескеріле отырып, сапасы бақылануға жататын дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды іріктеу қағидаларын бекіту;

    323-111) Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту қағидаларын, сондай-ақ алғашқы көмек көрсетілетін шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайлар тізбесін бекіту;

    323-112) алғашқы көмек көрсету стандартын бекіту;

    323-113) он жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар мен жастардың репродуктивтік және психикалық денсаулығын сақтау бойынша медициналық көмекті ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

    323-114) медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын бекіту;

    323-115) мәжбүрлеп емдеуде жатқан психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдардың пайдалануы үшін қарқынды байқау жасалатын мамандандырылған үлгідегі мемлекеттік психиатриялық ұйымның қолма-қол ақшаны бақылау шотына есепке жатқызылатын, жеке және заңды тұлғалардан түсетін ақшалай қаражатты, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды пайдалану қағидаларын бекіту;

    323-116) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларын бекіту;

    323-117) ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау кезінде тіндердің иммунологиялық үйлесімділігін айқындау қағидаларын және HLA-зертханаларының қызметі туралы ережені бекіту;

    323-118) жасанды ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) трансплантаттау үшін көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту;

    323-119) клиникалық база, денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университеттік аурухана, резидентура базасы, интеграцияланған академиялық медициналық орталық туралы ережелерді және оларға қойылатын талаптарды бекіту;».

    2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.