«Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 шілде 2025 ж.

    «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Ұлттық қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8328 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

    «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық қаржылық есептілік стандартында:

    1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Ұлттық қаржылық есептілік стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бухгалтерлік есеп туралы заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi туралы ереженің 15-тармағының 643-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қаржылық есептілік қағидаттары мен сапалы сипаттамаларын және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің, сондай-ақ қызметінің айрықша түрі шетелдік валютамен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – субъект) бухгалтерлік есеп жүргізу және қаржылық есептілік жасау тәртібін айқындады.»;

    көрсетілген Стандартқа 1, 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

    2) осы бұйрықтың ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    М. Такиев

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 377

    бұйрыққа 1- қосымша

    Ұлттық қаржылық

    есептілік стандартына

    1-қосымша

    Нысан

    Негізгі құралдар мен материалдық емес активтер есебінің тізімдемесі

          _____ жылғы ______________ мерзіміне

    Негі­зі құ­рал­дар мен ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер топ­та­ры­ның ата­уы
    Жыл ба­сы­на қал­дық
    Ке­ліп тү­суі
    Амор­ти­за­ция нор­ма­сы
    Амор­ти­за­ция
    Шы­ғуы
    Жыл ая­ғы­на қал­дық
    ке­зең­ге
    Пай­да­ла­ну ба­сы­нан

    Басшы ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Бас бухгалтер ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы) Мөр орны

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 377

    бұйрыққа 2-қосымша

    Ұлттық қаржылық

    есептілік стандартына

    2-қосымша

    Нысан

    20 ________ жылғы __ кезең үшін

    Еңбекақы төлеуді есепке алу ведомості

    Субъектінің атауы

    те­гі, аты, әке­сі­нің аты (ол болған жағ­дай­да)
    Ла­у­а­зы­мы
    Жа­ла­қы­сы
    Ең­бе­ка­қы есеп­тел­ді
    Ұстал­ды
    Тө­ле­у­ге
    Қо­лы
    Әле­умет­тік са­лық
    Әле­умет­тік ауда­рым­дар
    Же­ке та­быс са­лы­ғы
    Мін­дет­ті зей­не­та­қы жар­на­ла­ры
    Өзге­лер

    Басшы ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Бас бухгалтер ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Мөр орны

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 377

    бұйрыққа 3-қосымша

    Ұлттық қаржылық

    есептілік стандартына

    3-қосымша

    Нысан

    Атауы_____________________________________________________

    Қызметінің түрі____________________________________________________

    Қызметкерлердің орташа жылдық саны _______________________адам

    Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру

    нөмірі _____________________________________________

    ____ жылғы «__» __________ жағдай бойынша

    Бухгалтерлік баланс

    мың теңге

    Ак­тив­тер
    Жол ко­ды
    Есеп­ті ке­зең­нің со­ңы­на
    Есеп­ті ке­зең­нің ба­сы­на
    Ак­тив­тер
    Ақ­ша қа­ра­жат­та­ры және олар­дың ба­ла­ма­ла­ры
    01
    Қы­сқа мер­зім­ді қар­жы ин­ве­сти­ци­я­ла­ры
    02
    Бас­қа да қы­сқа мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек
    03
    Қор­лар
    04
    Ұзақ мер­зім­ді қар­жы ин­ве­сти­ци­я­ла­ры
    05
    Ұзақ мер­зім­ді де­би­тор­лық бе­ре­шек
    06
    Негіз­гі құ­рал­дар (амор­ти­за­ци­я­ны алып та­с­та­ған­да)
    07
    Ма­те­ри­ал­дық емес ак­тив­тер (амор­ти­за­ци­я­ны алып та­с­та­ған­да)
    08
    Бас­қа да ак­тив­тер
    09
    Ак­тив­тер­дің жиы­ны (01-ден 09-ға дей­ін­гі жол­дар­дың со­ма­сы)
    10
    Мін­дет­те­ме мен ка­пи­тал
    Мін­дет­те­ме
    Қы­сқа мер­зім­ді қар­жы­лық мін­дет­те­ме­лер
    11
    Са­лық­тар бой­ын­ша мін­дет­те­ме­лер
    12
    Ұзақ мер­зім­ді қар­жы мін­дет­те­ме­ле­рі
    13
    Ұзақ мер­зім­ді кре­ди­тор­лық бе­ре­шек
    14
    Өзге мін­дет­те­ме­лер
    15
    Мін­дет­те­ме жиы­ны (11-ден 15-ке дей­ін­гі жол­дар­дың со­ма­сы)
    16
    Өз ка­пи­та­лы
    Жар­ғы­лық ка­пи­тал
    17
    Ре­зерв­тік ка­пи­тал
    18
    Бө­лін­бе­ген пай­да (жа­был­ма­ған за­лал)
    19
    Өзге ре­зев­тер
    20
    Ка­пи­тал жиы­ны
    21
    Ка­пи­тал мен мін­дет­те­ме­лер­дің жиы­ны (16-жол + 21-жол)
    23

    Басшы ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Бас бухгалтер ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Мөр орны

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 377

    бұйрыққа 6-қосымша

    Ұлттық қаржылық

    есептілік стандартына

    4-қосымша

    Нысан

    Атауы_____________________________________________________

    Қызметінің түрі____________________________________________________

    Қызметкерлердің орташа жылдық саны________________________адам

    Заңды мекенжайы, Бизнес сәйкестендіру нөмірі, Жеке сәйкестендіру

    нөмірі _____________________________________________

    ____ жылғы «__» __________ жағдай бойынша

    Пайда мен зияндар туралы есеп

    мың теңге

    Көр­сет­кіш­тер­дің ата­уы
    Жол ко­ды
    Есеп­ті ке­зең­де
    Өт­кен ке­зең­де
    Өнім­ді са­ту­дан және қыз­мет­тер көр­се­ту­ден тү­се­тін кі­ріс
    01
    Қар­жы­лан­ды­ру­дан тү­се­тін кі­ріс
    02
    Өзге кі­рі­стер
    03
    Кі­рі­стер­дің жиы­ны (01-ден 03-ке дей­ін­гі жол­дар­дың со­ма­сы)
    04
    Өн­ді­рі­л­ген өнім, жұ­мыс, қыз­мет бой­ын­ша шы­ғы­стар
    05
    Сый­а­қы тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты шы­ғы­стар
    06
    Амор­ти­за­ци­я­лық тө­лем­дер
    07
    Қар­жы­лан­ды­ру шы­ғы­ста­ры
    08
    Бас­қа да шы­ғы­стар
    09
    Шы­ғы­стар­дың жиы­ны (05-тен 09-ға дей­ін­гі жол­дар­дың со­ма­сы)
    10
    Са­лық сал­ған­ға дей­ін­гі пай­да (за­лал)
    (04-жол - 10-жол)
    11
    Са­лық­тар­ға ар­нал­ған шы­ғы­стар
    12
    Мер­зім бой­ын­ша жиын­тық та­быс (шы­ғын) (11-жол – 12-жол)
    13

    Басшы ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Бас бухгалтер ________________________ _________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

    Мөр орны

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.