«Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 шілде 2025 ж.

    «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 748 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8783 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 15-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Радиотелефон байланысында пайдаланылатын ағылшын тілін меңгеру деңгейін айқындауға арналған тест қағидаларында:

    7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «7. Ағылшын тілін меңгеру деңгейін бағалау (тестілеу) «Авиациялық персоналға куәлік беру» Халықаралық азаматтық авиация конвенциясына 1-қосымшаның Халықаралық стандартының (1.2.9.4-бөлім, 1-тарау) 1-үстемесінде және «А» толықтыруында баяндалған, радиотелефон байланысында қолданылатын ағылшын тілін меңгеруге қойылатын талаптарға сәйкес жүргізіледі. Тестілеу нәтижелері бойынша тиісті Куәлікке арнайы белгісі енгізіледі.

    Тілді меңгеру деңгейінің шкаласы осы Қағидалардың 1-қосымшасы нда келтірілген.»;

    9-тармақ алып тасталсын;

    10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. ИКАО-ның тілдік білімін бағалау шкаласы бойынша жалпы және авиациялық ағылшын тілін меңгеру деңгейі туралы арнайы белгі алу мақсатында Қазақстан Республикасының Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) мақұлдаған тестті (тестілеу жүйесін) таңдауды кандидат дербес айқындайды.»;

    22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «22. Сертификатта міндетті түрде ИКАО шкаласының әрбір бағаланатын элементі бойынша нәтижелер, қорытынды нәтиже, тестілеуді өткізу күні, сертификат нөмірі, фото мен жеке деректері көрсетіледі.»;

    29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «29. Рейтерлер (бағалаушылар) және емтихан алушылар (тест алушылар) тестіленушілердің (үміткерлердің) жақын туыстары болмауға тиіс.»;

    31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «31. Емтихан алушыны (тест алушыны) рейтер (бағалаушы) ретінде пайдалануға рұқсат етіледі, бұл Нұсқауда міндетті түрде көрсетіледі. Бұл ретте маман емтихан алушыларға да (тест алушыларға), рейтерлерге де (бағалаушыларға) қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес емтихан алушы-рейтер деп аталады.

    Бағалау жүргізу процесінде емтихан алушы ( тест алушыны) бір кандидат үшін рейтер (бағалаушы) функцияларын жүзеге асырмайды.»;

    36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «36. Тестілеу электрондық ақпарат жеткізгіштерде цифрлық форматта тестілеу жүйесінің талаптарына сәйкес жазылады.»;

    42-тармақ алып тасталсын;

    60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «60. Апелляция оны тіркеген сәттен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастырылады.»;

    63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «63. Апелляция нәтижесі тестіленушіге (үміткерге) тестілеу жүйесінің рәсімдеріне сәйкес беріледі.»;

    81-тармақ алып тасталсын;

    осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 1-қосымшамен толықтырылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    Қазақстан Республикасының

    Көлік министрі

    2025 жылғы 16 шілдедегі

    № 220

    бұйрығына 1-қосымша

    Радиотелефон байланысында

    қолданылатын ағылшын тілін

    меңгеру деңгейін анықтауға

    арналған тестілеу қағидаларына

    1-қосымша

    Нысаны

    Тілді меңгеру деңгейін бағалау шкаласы

    1. Кәсіби, жоғары және жұмыс деңгейлері

    Дең­гей
    Ай­ты­луы диа­лект және / неме­се ек­пін авиа­ци­я­лық қа­уым­да­стық үшін тү­сі­нік­ті
    Кон­струк­ция
    ти­іс­ті грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­дар мен сөй­лем­дер­дің құ­ры­лы­мы бел­гі­лі бір тап­сыр­ма­ға сәй­кес ке­ле­тін линг­ви­сти­ка­лық функ­ци­я­лар­мен анық­та­ла­ды
    Сө­здік қо­ры
    Ер­кін сөй­леу
    Тү­сі­ну
    Бай­ла­ныс
    Кә­сі­би дең­гей
    6
    Ай­ты­лу, ек­пін, ритм және ин­то­на­ция, ана ті­лі­нің неме­се ай­мақ­тық ерекше­лік­тер­дің ық­ти­мал әсе­ріне қа­ра­ма­стан, тү­сі­ну­ге еш­қа­шан ке­дер­гі бол­май­ды
    Негіз­гі және күр­де­лі грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­дар мен сөй­лем­дер­дің құ­ры­лы­мы үне­мі сақ­та­ла­ды
    Сө­здік қо­ры және оны дұ­рыс пай­да­ла­ну та­ныс және бей­та­ныс та­қы­рып­тар­дың кең ауқы­мын­да ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас жа­сау үшін жет­кі­лік­ті. Сө­здік қо­ры иди­о­ма­ти­ка­лық, ню­ан­стар­ға бай және сти­ли­сти­ка­лық тұр­ғы­дан бо­я­л­ған
    Ұзақ уа­қыт бойы та­би­ғи және қиын­дық­сыз сөй­лей ала­ды. Сөй­ле­уді сти­ли­сти­ка­лық жа­ғы­нан әр­та­рап­тан­ды­ра­ды, мы­са­лы, же­ке сәт­тер­ді атап өту үшін. Сөй­ле­удің құ­ры­лым­дық эле­мент­те­рі мен бай­лам­да­рын дұ­рыс және оңай қол­да­на­ды
    Бар­лық дер­лік жағ­дай­лар­да, со­ның ішін­де линг­ви­сти­ка­лық және мә­де­ни ерекше­лік­те­рі се­нім­ді тү­сі­ну
    Бар­лық жағ­дай­лар­да оңай бай­ла­ны­са­ды. Ауыз­ша бел­гі­лер мен сөй­леу емес бел­гі­лер­ді қа­был­дай­ды және олар­ға ти­іс­ті түр­де жа­у­ап бе­ре­ді
    Же­тіл­ді­рі­л­ген дең­гей
    5
    Ай­ты­лу, ек­пін, ритм және ин­то­на­ция, ана ті­лі­нің неме­се ай­мақ­тық ерекше­лік­тер­дің әсе­ріне қа­ра­ма­стан, тү­сі­ну­ге си­рек ке­дер­гі кел­ті­ре­ді
    Негіз­гі грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­дар мен сөй­лем­дер­дің құ­ры­лы­мы үне­мі сақ­та­ла­ды. Күр­де­лі кон­струк­ци­я­лар­ды қол­да­ну­ға ты­ры­су, бі­рақ кей­де ма­ғы­на­ны бұр­ма­лай­тын қа­те­лік­тер­мен
    Сө­здік қо­ры және оны дұ­рыс пай­да­ла­ну жал­пы, нақ­ты және жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар бой­ын­ша ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас жа­сау үшін жет­кі­лік­ті.
    Па­ра­фра­за­лар се­нім­ді және дұ­рыс қол­да­ны­ла­ды. Сө­здік қо­ры кей­де иди­о­ма­ти­ка­лық бо­лып та­бы­ла­ды
    Бел­гі­лі та­қы­рып­тар бой­ын­ша ұзақ уа­қыт бойы са­лы­стыр­ма­лы түр­де оңай сөй­лей ала­ды, бі­рақ сөй­ле­уді сти­ли­сти­ка­лық жа­ғы­нан әр­та­рап­тан­дыр­мауы мүм­кін. Дұ­рыс құ­ры­лым­дық эле­мент­тер мен бай­лам­дар­ды қол­да­на ала­ды
    Жал­пы, нақ­ты және жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар­ды дәл тү­сі­ну және сөй­ле­у­ші­нің линг­ви­сти­ка­лық неме­се си­ту­а­ци­я­лық қиын­дық­та­ры болған кез­де неме­се оқи­ға­лар­дың күт­пе­ген бұ­ры­лы­сы ке­зін­де то­лық тү­сі­ну. Әр түр­лі сөй­леу ва­ри­а­ци­я­ла­рын (диа­лект және/неме­се ек­пін) неме­се сти­ли­сти­ка­лық дең­гей­лер­ді қа­был­да­у­ға қа­бі­лет­ті
    Де­реу, ти­іс­ті және ақ­па­рат­тық жа­у­ап бе­ре­ді. «Сөй­ле­у­ші – тың­да­у­шы» диа­ло­гын ти­ім­ді қол­дай­ды
    Жұ­мыс дең­гейі
    4
    Ана ті­лі неме­се ай­мақ­тық ерекше­лік­тер ай­ты­луы­на, ек­пін­ге, ритм­ге және ин­то­на­ци­я­ға әсер ете­ді, бі­рақ кей­бір жағ­дай­лар­да ға­на тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­ді
    Негіз­гі грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­дар мен сөй­лем­дер­дің құ­ры­лы­мы ше­бер және әдет­те са­на­лы түр­де қол­да­ны­ла­ды. Қа­те­лік­тер, әсі­ре­се ерекше неме­се күт­пе­ген жағ­дай­лар­да бо­луы мүм­кін, бі­рақ олар ма­ғы­на­сы­на си­рек әсер ете­ді
    Сө­здік қо­ры және оны дұ­рыс пай­да­ла­ну, әдет­те, жал­пы, нақ­ты және жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар бой­ын­ша ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­нас жа­сау үшін жет­кі­лік­ті. Ерекше неме­се күт­пе­ген жағ­дай­лар­да жет­кі­лік­ті сө­здік қо­ры бол­ма­ған кез­де па­ра­фра­за­лар жиі қол­да­ны­луы мүм­кін
    Сөй­ле­су­ді бел­гі­лі бір уа­қыт ішін­де ти­іс­ті қар­қы­н­мен қол­дай­ды. Кей­де стан­дарт­ты бұ­ры­лы­стар­ды неме­се жат­тал­ған тіл­дік мөр­та­бан­дар­ды қол­да­ну­дан ер­кін ал­ма­су­ға кө­шу ке­зін­де ер­кін сөй­леу бұ­зы­ла­ды, бі­рақ бұл ти­ім­ді қа­рым-қа­ты­на­сқа ке­дер­гі бол­май­ды. Шек­те­улі кө­лем­де ол эм­фа­ти­ка­лық эле­мент­тер мен бай­лам­дар­ды қол­да­на ала­ды. «Па­ра­зит­тік сө­здер» тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­тір­мей­ді
    Негі­зі­нен, ак­цент неме­се ва­ри­а­ция ха­лы­қа­ра­лық пай­да­ла­ну­шы­лар қа­уым­да­стығы үшін жет­кі­лік­ті тү­сі­нік­ті болған кез­де жал­пы, нақ­ты және жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар­ды дұ­рыс тү­сі­ну. Егер сөй­ле­у­ші­нің линг­ви­сти­ка­лық неме­се си­ту­а­ци­я­лық қиын­дық­та­ры бол­са неме­се оқи­ға­лар­дың күт­пе­ген бұ­ры­лы­сы бол­са ма­ғы­на­сы он­ша тү­сі­нік­ті бол­мауы неме­се нақ­ты­ла­уды қа­жет етуі мүм­кін
    Ол әдет­те де­реу, ти­іс­ті және ақ­па­рат­тық жа­у­ап бе­ре­ді. Оқи­ға­лар­дың күт­пе­ген бұ­ры­лы­сын­да да ал­ма­су­ды ба­стай­ды және қол­дай­ды. Тек­се­ру, рас­тау неме­се нақ­ты­лау ар­қы­лы анық тү­сін­бе­у­ші­лік­ті дұ­рыс жо­яды
    2. Жұмыс деңгейінен төмен деңгей, бастапқы деңгей және бастапқы деңгейден төмен деңгей
    Дең­гей
    Ай­ты­луы
    диа­лект және / неме­се ек­пін авиа­ци­я­лық қа­уым­да­стық үшін тү­сі­нік­ті
    Кон­струк­ция
    ти­іс­ті грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­дар мен сөй­лем­дер­дің құ­ры­лы­мы бел­гі­лі бір тап­сыр­ма­ға сәй­кес ке­ле­тін линг­ви­сти­ка­лық функ­ци­я­лар­мен анық­та­ла­ды
    Сө­здік қо­ры
    Ер­кін сөй­леу
    Тү­сі­ну
    Бай­ла­ныс
    Жұ­мыс­шы дең­гей­і­нен тө­мен
    3
    Ана ті­лін неме­се ай­мақ­тық ерекше­лік­тер ай­ты­луы­на, ек­пін­ге, ритм­ге және ин­то­на­ци­я­ға әсер ете­ді және кө­бі­не­се тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­ді
    Бо­лжам­ды жағ­дай­лар­да сөй­лем­дер­дің негіз­гі грам­ма­ти­ка­лық құ­ры­лым­да­ры мен құ­ры­лы­мы әр­дай­ым сақ­та­ла бер­мей­ді. Қа­те­лік­тер кө­бі­не­се ма­ғы­на­ға әсер ете­ді
    Сө­здік қо­ры және оны дұ­рыс қол­да­ну кө­бі­не­се жал­пы, нақ­ты неме­се жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар бой­ын­ша сөй­ле­су үшін жет­кі­лік­ті, бі­рақ сө­здік қо­ры шек­те­улі және сө­здер жиі дұ­рыс таң­дал­май­ды. Кө­бі­не­се сө­здер­дің жет­кі­лік­ті қо­ры бол­ма­ған жағ­дай­да па­ра­фра­за­лар­ды дұ­рыс қол­да­ну мүм­кін емес
    Бел­гі­лі бір уа­қыт бойы сөй­ле­су­ді қол­дай­ды, бі­рақ кө­бі­не­се сөз тір­кесте­рін қа­те құ­ра­с­ты­ра­ды және ұзақ кі­дір­те­ді.
    Тіл­ді тү­сі­ну­дің се­нім­сіз­ді­гі неме­се ба­я­у­ла­уы ти­ім­ді қа­рым қа­ты­на­сқа ке­дер­гі кел­ті­руі мүм­кін. «Па­ра­зит­тік сө­здер» кей­де тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­ді.
    Кө­бі­не­се, ак­цент неме­се ва­ри­а­ция ха­лы­қа­ра­лық пай­да­ла­ну­шы­лар қа­уым­да­стығы үшін жет­кі­лік­ті тү­сі­нік­ті болған кез­де жал­пы, нақ­ты және жұ­мысқа бай­ла­ны­сты та­қы­рып­тар­ды дұ­рыс тү­сі­ну. Линг­ви­сти­ка­лық неме­се си­ту­а­ци­я­лық ерекше­лік­тер­ді тү­сін­беу жағ­дай­ла­ры неме­се оқи­ға­лар­дың күт­пе­ген бұ­ры­лы­сы жағ­дай­ын­да бо­луы мүм­кін.
    Кей­де ол де­реу, ти­іс­ті және ақ­па­рат­ты­лық­пен жа­у­ап бе­ре­ді.
    Та­ныс та­қы­рып­тар мен бо­лжам­ды жағ­дай­лар­да ал­ма­су­ды оңай ба­ста­у­ға және қол­дай ала­ды. Жал­пы оқи­ға­лар­дың күт­пе­ген бұ­ры­лы­сы ке­зін­де қа­на­ғат­та­нар­лық­сыз жұ­мыс
    Ба­стап­қы дең­гей
    2
    Ана ті­лін неме­се ай­мақ­тық ерекше­лік­тер ай­ты­луы­на, ек­пін­ге, ритм­ге және ин­то­на­ци­я­ға қат­ты әсер ете­ді және әдет­те тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­ді
    Кей­бір қа­ра­пай­ым жат­тал­ған грам­ма­ти­ка­лық кон­струк­ци­я­лар мен сөй­лем фор­ма­ла­ры­ның шек­те­улі сақ­та­луы ға­на көр­се­ті­ле­ді
    Сө­здік қо­ры шек­те­улі және тек же­ке сө­здер мен жат­тал­ған сөз тір­кесте­рін қам­ти­ды
    Өте қы­сқа, жат­тал­ған сөз тір­кесте­рін жиі кі­дірі­спен ай­та ала­ды және аз та­ныс сө­здер­ді таң­дау және ар­ти­ку­ля­ци­я­лау ке­зін­де «па­ра­зит­тік сө­здер­ді» тү­сі­ну­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­ді
    Же­ке және жат­тал­ған сөз тір­кесте­рін мұ­қи­ят және ба­яу ай­ты­л­ған кез­де тү­сі­ну
    Ре­ак­ция ба­яу және жиі жет­кі­лік­сіз. Бай­ла­ныс қа­ра­пай­ым ақ­па­рат­пен бө­лі­су­мен шек­те­ле­ді
    Ба­стап­қы тө­мен дең­гей
    1
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ба­стап­қы дең­гей­ден тө­мен бі­лім
    Ескерту. Жұмыс деңгейі (4-деңгей) радиотелефон байланысы үшін тілді меңгерудің ең төменгі талап етілетін деңгейін білдіреді. 1-3 деңгейлер сәйкесінше ИКАО-ның тілдерді меңгеру талаптарынан төмен деңгейді сипаттайтын бастауыш, бастауыш және жұмысшы деңгейінен төмен тілдерді білуді білдіреді. 5 және 6 деңгейлер талап етілетін минималды стандарттан жоғары жетілдірілген және кәсіби деңгейлерді сипаттайды. Жалпы, бұл шкала ИКАО-ның жұмыс деңгейіне (4-деңгей) үміткерлерді дайындау және тексеру үшін нұсқаулық ретінде қызмет етеді.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.