Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 15 шілде 2025 ж.

    Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын, тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы

    Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қобда ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    2. Қобда ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

    3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қобда аудандық мәслихатының төрағасы

    Ж. Ергалиев

    Қобда аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 15 шілдедегі

    № 352 шешіміне 1 қосымша

    Ком­му­нал­дық қал­дық­тар жи­нақ­та­ла­тын объ­ек­ті­нің ата­уы
    Есеп­тік бір­лік
    Нор­ма, жы­лы­на 1 есеп­тік бір­лік­ке тек­ше метр
    1.
    Абат­тан­ды­ры­л­ған және абат­тан­ды­рыл­ма­ған үй ие­ле­рі
    1 тұр­ғын
    0,92
    1.1
    Ірі кө­лем­ді қал­дық­тар
    1 тұр­ғын
    0,19
    2.
    Жа­тақ­ха­на­лар, ин­тер­нат­тар, ба­ла­лар үй­ле­рі, қарт­тар үй­ле­рі және сол си­яқ­ты­лар
    1 орын
    1,13
    3.
    Қо­нақ үй­лер, са­на­то­рий­лер, де­ма­лыс үй­ле­рі
    1 орын
    1,13
    4.
    Ба­ла­бақ­ша­лар, бө­бек­жай­лар және бас­қа да мек­теп­ке дей­ін­гі ме­ке­ме­лер
    1 орын
    0,4
    5.
    Ме­ке­ме­лер,ұй­ым­дар, офи­стер, кең­се­лер, банк­тер, бай­ла­ныс бө­лім­ше­ле­рі
    1 қыз­мет­кер
    0,22
    6.
    Ем­ха­на­лар, ме­ди­ци­на ор­та­лық­тар
    1 ке­лу­ші
    0,04
    7.
    Ау­ру­ха­на­лар, са­на­то­рий­лер, өзге де ем­деу-ал­дын алу ме­ке­ме­ле­рі
    1 тө­сек-орын
    2,06
    7.1
    Күн­діз­гі ста­ци­о­нар
    1 тө­сек-орын
    0,82
    8.
    Мек­теп­тер және бас­қа оқу орын­да­ры
    1 оқу­шы
    0,13
    9.
    Мей­рам­ха­на­лар, дәм­ха­на­лар және қо­ғам­дық та­мақ­тан­ды­ру орын­да­ры
    1 оты­ра­тын орын
    1,16
    10.
    Мұ­ра­жай­лар, көр­ме зал­да­ры
    жал­пы аудан­ның 1 м2
    0,13
    11.
    Ста­ди­он­дар, спорт алаң­да­ры
    жо­ба бой­ын­ша 1 орын
    0,11
    12.
    Азық-тү­лік және өнер­к­ә­сіп-та­у­ар дү­кен­де­рі, ара­лас дү­кен­дер
    са­уда аудан­ның 1 м2
    0,8
    13.
    Дә­рі­ха­на­лар
    са­уда аудан­ның 1 м2
    0,44
    14.
    Ав­то­тұ­рақ­тар, ав­то­жуу, ав­то­мо­биль жа­ңар­май құю бе­ке­ті
    1 ма­ши­на орын
    0,11
    15.
    Ав­то­мо­биль ше­бер­ха­на­ла­ры
    1 жұ­мыс­шы
    2,3
    16.
    Ша­шта­раз­дар, сұ­лулық са­лон­да­ры
    1 жұ­мыс ор­ны
    0,23
    17.
    Кір жу­а­тын орын­дар, хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры, тұр­мыстық тех­ни­ка­ны жөн­деу орын­да­ры, тігін ате­лье­сі
    жал­пы аудан­ның 1 м2
    0,13
    18.
    Зер­гер­лік, аяқ ки­ім­ді, са­ғат­тар­ды жөн­деу ше­бер­ха­на­ла­ры
    жал­пы аудан­ның 1 м2
    13
    19.
    Мон­ша­лар , сау­на­лар
    жал­пы аудан­ның 1 м2
    0,26

    Қобда аудандық мәслихатының

    2025 жылғы 15 шілдедегі

    № 352 шешіміне 2 қосымша

    Қобда ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтері

    Ата­уы
    Есеп­тік бір­лік
    Тең­ге (қо­сы­л­ған құн са­лы­ғы­сыз)
    1.1.
    Абат­тан­ды­ры­л­ған және абат­тан­ды­рыл­ма­ған үй ие­ле­рі
    ай­ы­на 1 тұр­ғын­ға
    482
    1.2.
    Заң­ды тұ­лға­лар және заң­ды тұ­лға­лар бо­лып та­был­май­тын кә­сіп­кер­лік субъ­ек­ті­ле­ріне ар­нал­ған та­риф
    1 тек­ше метр
    6287,7

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.