«Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 18 шілде 2025 ж.

    «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің отандық тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы.»;

    1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі;

    3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілсін.»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларында:

    тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары.»;

    1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды.»;

    2-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері – өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыратын не өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын, жұмыстарын және көрсетілетін қызметтерін ішкі және (немесе) сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалар, жай серіктестіктер;»;

    3 тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

    «3. Шығындардың бір бөлігін өтеу қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектісіне (не оның еншілес компаниясына, өндірілген өнімді өткізетін ресми өкілге (дистрибьюторға/трейдерге) немесе ақпараттық-коммуникациялық қызмет көрсететіндерге (бұдан әрі – өтініш беруші) осы мақсаттарға республикалық бюджетте көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.»;

    4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «4. Акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, қазақстандық шығарылған әскери және аэроғарыштық мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), тауарларды (өнімдерді)өндірушілерді қоспағанда) тікелей немесе жанама тиесілі өтініш берушілер өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын пайдаланбайды QazVac препаратын өндірушілердің, кәсіпкерлердің, қазақстандық тектес қос мақсаттағы (қолданылатын), мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған), өздеріне қатысты соттың оларды банкрот деп тану, банкроттық рәсімін қозғамай тарату және оңалту рәсімін қолдану туралы шешімі заңды күшіне енген өтініш берушілер, сондай-ақ соңғы екі жыл ішінде еңбекақы төлеу қорының кемінде 10% - ы мөлшерінде өсуіне қол жеткізбеген өтініш берушілер мемлекеттік қолдау шарасын алуға өтінім берген жылы.»;

    7-тармақта:

    2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «2) келісім жасасады (екіжақты не/немесе үшжақты), сондай-ақ өтініш берушіге тараптар жасасқан келісімнің талаптарын бұзған жағдайда, қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде берілген ақшалай қаражатты қайтаруды қамтамасыз етеді;»;

    3-1) және 3-2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

    «3-1) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну бойынша уәкілетті органға қызметтер көрсетеді;

    3-2) қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде, осы Қағидаларға сәйкес өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын және көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу арқылы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну кезінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері қабылдайтын қарсы міндеттемелердің мониторингін жүзеге асырады.»;

    2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «2-тарау. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі.».

    9-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Өтініш берушінің өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарларын ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:».

    10-тармақта:

    бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

    «10. Өтініш берушінің Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді (бұдан әрі – АКҚ) ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу мынадай түрлер бойынша жүргізіледі:»;

    7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «7) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар.»;

    16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) өтелетін кезеңге қолданалатын қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме;»;

    17-тармақта:

    бірінші бөлікте:

    1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) өтелетін кезеңге қолданалатын қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме;»;

    4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «4) өтінім беруші мен өндіруші арасында жасалған Қазақстанда шығарылған тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді іске асыру жөніндегі шарттардың көшірмелері (тек ресми өкілдер (дистрибьюторлар)/трейдерлер/ еншілес компаниялар үшін);»;

    18-тармақта:

    бірінші бөлігінде:

    1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) ақпараттық-консультациялық қызмет көрсету құқығын растайтын құжаттың көшірмесі (қазақстандық тауар өндірушінің тізілімінен үзінді көшірме);»;

    төртінші бөлікте:

    6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

    «6) әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шығындар:

    әлеуетті сатып алушылар үшін шетелде Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетуді және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы әзірлемелерді ұйымдастыруды және өткізуді растайтын құжаттардың көшірмелері.»;

    20-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) кемінде 6 белгісі деңгейіндегі тауар позицияларына осы бұйрықтың 2-қосымшасына сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне сәйкес келетін өнімді, сондай-ақ осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген АКҚ отандық ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша шығындар осы бұйрыққа 3-қосымшаға Қазақстанда шығарылған ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарыққа ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін тізбесіне сәйкес экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі - ЭҚЖЖ) бойынша кемінде 4 белгісі деңгейінде ұсынылатын;»;

    28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «28. Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу кезінде өтініш берушілер тараптар жасасқан келісім шеңберінде қарсы міндеттемелерді Заңның 27-бабына сәйкес қабылдайды.

    Өтініш берушілер қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, олар қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шеңберінде алған ақша қаражаты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 27 мамырдағы №298 бұйрығымен бекітілген Өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру шараларын көрсету кезінде қарсы міндеттемелерді айқындау және қолдану жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарсы міндеттемелерінің орындалуы мен базалық мөлшерлемесінің қол жеткізілген деңгейі ескеріле отырып қайтарылуға жатады.»;

    көрсетілген Қағидаларға қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін өңдеу өнеркәсібінің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің тізбесі»;

    көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшаның тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

    «Сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін қазақстандық ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер тізбесі».

    2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Экспортты ілгерілету департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық, 2026 жылғы 1 қантардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының отыз үшінші – отыз сегізінші абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы

    А. Бижанова

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Бәсекелестікті қорғау және

    дамыту агенттігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Қаржы министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министірлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Сауда және интеграция министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 18 шілдедегі

    № 212-НҚ Бұйрығына

    қосымша

    Қабылданған халықаралық

    міндеттемелер шеңберінде өңдеуші

    өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған

    тауарлары мен көрсетілетін

    қызметтерін, сондай-ақ

    ақпараттық-коммуникациялық

    көрсетілетін қызметтерді сыртқы

    нарықтарға ілгерілету бойынша

    өнеркәсіптік-инновациялық қызмет

    субъектілері шығындарының бір

    бөлігін өтеу қағидаларына

    қосымша

    Нысан

    Өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға өтінім

    Кімге:___________________________________________________________________________(Оператордың атауы)

    Кімнен:___________________________________________________________________________(ұйымдық-құқықтық нысанын көрсете отырып, өтініш берушінің толық атауы)

    Мемлекеттік тіркеу / қайта тіркеу

    ___________________________________________________________________________________

    (дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы куәліктің /анықтаманың/хабарламаның №, кім және қашан берді)

    Нақты мекенжайы:_______________________________________________________________________

    БСН / ЖСН: _____________________________________________________________________________

    Сала атауы: ____________________________________________________________________________

    Қызмет түрі:____________________________________________________________________________

    Қызметкерлер саны:_____________________________________________________________________

    Кәсіпкерлік субъектісінің санаты: ______________________________________ (шағын/орта/ірі кәсіпорын)

    Өндірістік қуаты, ұлғайту мүмкіндігі:___________________________(өлшем бірлігін міндетті түрде көрсету керек)

    *Өндіруші: ______ Тауар:_______ Тауар көлемі: ________________________________________________________

    * (Трейдер толтырады)

    Өтінім берілген күннің алдындағы жарты жылдағы нақты валюталық түсімнің көлемі

    (ЕДБ анықтамасына сәйкес) ___________________ теңге/шетел валютасы.

    Өндірістің нақты жүктелуі:____________________________________ (пайызбен)

    Басшы: _____________________________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, телефон нөмірі)

    Өтеуге өтінімді толтырған байланыс жасаушы тұлға:

    ___________________________________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы, электрондық мекенжайы, телефон, факс нөмірлері)

    Өткізілетін Қазақстанда шығарылған өңдеу өнеркәсібі тауарлары және/немесе ұсынылатын Қазақстанда шығарылған АКҚ туралы мәліметтер:__________________________________________________________________________

    ЕАЭО СЭҚ БТН 6 және одан да көп белгілері деңгейінде тауар позициясын және/немесе ЭҚТЖЖ 4 белгісінен кем емес деңгейде АКҚ көрсете отырып, тауарлардың атауы:

    ___________________________________________________________________________________________

    Р/с
    Та­у­ар­дың шы­ға­ры­л­ған елін ку­әлан­ды­ра­тын құ­жат
    Р/с
    Ак­ци­о­нер­лер/Өті­ніш бе­ру­ші­нің қа­ты­су­шы­ла­ры
    Құ­жат­тың ата­уы
    Бе­рі­л­ген кү­ні
    Қол­да­ны­лу мер­зі­мі
    Та­у­ар­дың ата­уы
    СЭҚ ТН және/ неме­се ЭҚТЖ ко­ды
    СЭҚ ТН ко­ды көр­се­ті­л­ген та­у­ар­дың ата­уы/ ЭҚТ­ЖЖ коды­мен АКҚ
    Ак­ци­о­нер­дің/қа­ты­су­шы­ның ата­уы
    Қа­ты­су үле­сі (пай­ы­здық ара­қа­ты­на­сты көр­се­ту)
    1
    2
    Кестенің жалғасы
    № р/с
    Шарт
    Орын­дал­ған жұ­мыстар­дың /көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер­дің ак­ті­ле­рі
    Шот-фак­ту­ра
    Тө­лем тап­сыр­ма­сы
    Тө­ле­у­ге ар­нал­ған шот
    Ва­лю­та­лау күн­гі ҚР ҰБ ба­ға­мы
    Өті­ніш бе­ру­ші мә­лім­де­ген шы­ғын­дар (құ­жат­тар бой­ын­ша өті­нім­дер)
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    Кү­ні
    Со­ма­сы
    ҚҚС-сыз және ҚР ак­ц­и­з­де­рі
    Ше­тел­де та­у­ар­лар­ды /АКҚ жар­на­ма­ла­у­ға бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    1
    2
    Көр­ме­лер­ді, фо­рум­дар­ды, жәр­мең­ке­лер­ді, кон­кур­стар­ды, кон­грес­стер­ді, сам­мит­тер­ді және кон­фе­рен­ци­я­лар­ды қо­са ал­ған­да (оның ішін­де он­лайн фор­мат­та), та­у­ар­ды іл­ге­рі­ле­ту­ге бай­ла­ны­сты ше­тел­дік іс-ша­ра­лар­ға ті­ке­лей қа­ты­су шы­ғын­да­ры:
    1
    2
    Ше­тел­де фи­ли­ал­дар­ды, өкіл­дік­тер­ді, са­уда алаң­да­рын, қой­ма­лар мен са­уда сө­ре­ле­рін ұста­у­ға ар­нал­ған шы­ғын­дар:
    1
    2
    Ше­тел­де элек­трон­дық са­уда алаң­да­рын­да та­у­ар бел­гі­ле­рін (брен­дін) тір­ке­у­ге бай­ла­ны­сты рә­сім­дер­ді жүр­гі­зу шы­ғын­да­ры:
    1
    2
    Ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­удан, ак­кре­дит­те­уден, ин­спек­ци­ядан өту­ге не өті­ніш бе­ру­ші­нің Са­тып алушы ел­дің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға, шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гіне бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар (сер­ти­фи­кат­тау, ак­кре­дит­теу, ин­спек­ция рә­сі­мі­нен оң өту не өті­ніш бе­ру­ші­нің Са­тып алушы ел­дің заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға, шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін рас­тау және сер­ти­фи­кат­тың не рас­тай­тын құ­жат­тың бо­луы ке­зін­де)
    1
    2
    Ұй­ым­ның стан­дарт­та­рын қо­са ал­ған­да, тех­ни­ка­лық ре­гла­мент­тер­де, стан­дарт­тар­да бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға та­у­ар­лар­дың сәй­кест­і­гін ба­ға­лау рә­сім­де­ріне неме­се шар­ттар­дың та­лап­та­ры­на неме­се та­у­ар­лар­ды ше­тел­де өт­кі­зу жө­нін­де­гі қыз­мет­ті жү­зе­ге асы­ру құқы­ғын рас­та­у­ға бай­ла­ны­сты іс-ша­ра­лар­ды жүр­гі­зу шы­ғын­да­ры (сәй­кест­ікті ба­ға­лау ту­ра­лы құ­жат­тар), сон­дай-ақ сәй­кест­ікті ба­ға­лау рә­сі­мі­нен өту үшін сы­нақ пунк­тіне дей­ін және өнім­нің сы­на­ма үл­гі­ле­рін ке­рі жет­кі­зу ке­зін­де жұм­сал­ған шы­ғын­дар (рә­сім­дер­ден оң өт­кен және сәй­кест­ікті ба­ға­лау ту­ра­лы құ­жат болған кез­де);
    1
    2
    Ше­тел­дік сер­ти­фи­кат­та­удан, ак­кре­дит­те­уден, ин­спек­ци­ядан өту­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар (сер­ти­фи­кат­тау, ак­кре­дит­теу, ин­спек­ция рә­сі­мі­нен оң өт­кен және сер­ти­фи­кат не рас­тай­тын құ­жат болған кез­де):
    1
    2
    Әле­ует­ті са­тып алушы­лар үшін ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық тех­но­ло­ги­я­лар са­ла­сын­да­ғы Қа­зақ­стан­да шы­ға­ры­л­ған ақ­па­рат­тық-ком­му­ни­ка­ци­я­лық қыз­мет­тер мен әзір­ле­ме­лер­ді ше­тел­де көр­се­ту­ді ұй­ым­да­сты­ру­ға және өт­кізу­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    1
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    2
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    Та­у­ар­лар­ды жет­кі­зу­ді ұй­ым­да­сты­ру­ға және ав­то­мо­биль, те­мір­жол, әуе, те­ңіз кө­лі­гі­мен та­сы­мал­дау жө­нін­де­гі қыз­мет­тер­ге ақы тө­ле­у­ге бай­ла­ны­сты шы­ғын­дар:
    Орын­дал­ған жұ­мыстар / көр­се­ті­л­ген қыз­мет­тер ак­ті­сі
    Шот-фак­ту­ра / Ин­войс
    Өза­ра есеп ай­ы­ры­су­ды са­лы­сты­рып тек­се­ру ак­ті­сі/Тө­лем тап­сыр­ма­сы
    Кө­лік жүк құ­жат­та­ры­ның кө­шір­ме­ле­рі (кө­лік тү­ріне бай­ла­ны­сты)
    Өті­нім бе­ру­ші мен са­тып алушы ара­сын­да жа­сал­ған жет­кі­зу шар­ты
    Ва­лю­та­лау кү­ніне ҚР ҰБ ба­ға­мы
    ҚР ҚҚС-сыз және ак­ц­и­з­дер­сіз мә­лім­дел­ген шы­ғын­дар
    кү­ні
    со­ма­сы
    ай­на­лым кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    со­ма­сы
    кү­ні
    ва­гон нө­мі­рі / мем­ле­кет­тік нө­мі­рі және ав­то­мо­биль мар­ка­сы / және бас­қа­лар.
    экс­порт­тық ба­ғыт (экс­порт елі)
    ОЖА- ға та­ра­тып жазуға сәй­кес со­ма
    кү­ні
    1
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
     
    2
    *Жоғарыда келтірілген кестелерді толтыру кезінде ұяшықтарды біріктіруге және жоюға жол берілмейді
    1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделген жалпы сома: __________________________________________________теңге (сомасы сандармен және жазумен)
    2. Осы өтініммен Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, ақпараттың, бастапқы деректердің, есеп айырысулардың, негіздемелердің анықтығы үшін, сондай-ақ өтеуге мәлімделген шығындардың бұрын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасында көзделген ағымдағы немесе өзге де мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен өтелмегені, қаржыландырылмайтыны және қаржыландырылмағаны үшін жауапкершілікті өзіне алады, сондай-ақ «Қабылданған халықаралық міндеттемелер шеңберінде өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, өңдеуші өнеркәсіптің Қазақстанда шығарылған тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің, сондай-ақ оларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2022 жылғы 1 тамыздағы № 314-НҚ бұйрығымен бекітілген Отандық өңделген тауарларды және көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелер аясында өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 4-тармағына сәйкес келеді (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28994 болып тіркелген).
    Басшы: ______________________________________________
    Өтінім берілген күні _____________________________________
    Аббревиатуралардың толық жазылуы:
    БСН – бизнес сәйкестендіру нөмірі;
    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;
    ҚР ҚҚС – Қазақстан Республикасының қосылған құн салығы;
    ЕАЭО СЭҚ БТН – Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы;
    ОЖА – Орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер актісі);
    ЭҚТЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші;
    ҚР ҰБ – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі;
    PDF (Portable Document Format) – PFD (портативті құжат форматы);
    СЭҚ ТН – сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы;
    АКҚ – ақпараттық-коммуникациялық қызметтер;

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.