«Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 шілде 2025 ж.

    «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 13 маусымдағы № 362 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7058 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптарында:

    1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Авиация персоналының куәлігін алу үшін адамға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 54-бабының 5-тармағына, Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынылатын практикасына сәйкес (Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға «Авиация персоналына куәліктер беру» деген 1-қосымша) әзірленген.

    2. Осы біліктілік талаптары авиация персоналының мынадай куәліктерін алу үшін кандидаттарға қолданылады:

    1) ұшу экипажының мүшелеріне:

    аса жеңіл әуе кемесінің пилотының  куәлігі (ULAPL) (мотодельтаплан, автожир, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

    жеңіл әуе кемесінің пилотының  куәлігі (LAPL) (ұшақ, тікұшақ);

    жеке пилоттың  куәлігі (PPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

    коммерциялық авиация пилотының  куәлігі (CPL) (ұшақ, тікұшақ, дирижабль, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

    көпмүшелі экипаж пилотының  куәлігі (MPL) (ұшақ);

    желілік пилот  куәлігі (ATPL (ұшақ, тікұшақ көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі);

    еркін аэростататтың пилотының  куәлігі (FBPL);

    планер пилотының  куәлігі (GPL);

    2) пилоттардан басқа ұшу экипажының мүшелеріне:

    штурман  куәлігі (FNL);

    бортинженер  куәлігі (бортмеханик) (FEL);

    бортрадист  куәлігі (FROL);

    3) басқа авиация персоналына:

    сыртқы пилот  куәлігі (RPL) (ұшақ, дирижабль, планер, винтті, көтеру күшін ұлғайту жүйесі бар әуе кемесі немесе еркін аэростат);

    әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерінің  куәлігі (ATCL) (бұдан әрі – ӘҚД);

    әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі маманның  куәлігі (AML) (бұдан әрі – ӘК ТҚ маманы);

    ұшуларды қамтамасыз ету жөніндегі қызметкердің немесе ұшу диспетчерінің  куәлігі (FDL);

    авиация станциясы операторының  куәлігі (ASOL);

    жеңіл және аса жеңіл авиацияға ӘК ТҚК маманның  куәлігі (LAML).»;

    4-тармақтың 38) тармақшасы алып тасталсын;

    43-тармақ мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:

    «12). ӘК ТҚК бойынша куәліктің белгілі бір санатының берілетін құқықтарында көзделген функцияларды орындау қабілетін көрсету.».

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін, оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.