«CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 21 шілде 2025 ж.

    «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін жер учаскелеріне жария сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабының 5-1) тармақшасына, 69, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен қатты пайдалы қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2029 жылдың 12 қазанына дейінгі мерзімге жер учаскелерін алып қоймай, Осакаров ауданының Родников ауылдық округі және Жансары ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы ауданы 3 872,6548 гектар жер учаскелеріне жария сервитут белгіленсін.

    2. «CUPRUM MINING GROUP» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың шығындарын толық көлемде өтеуі қажет. Залалдардың мөлшері мен оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен айқындалсын.

    3. «Осакаров ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкіне енгізу және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау үшін қазақ және орыс тілдерінде электрондық түрде жіберілуін;

    2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қантамасыз етсін.

    4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Осакаров ауданының әкімі

    Р. Нурмуханбетов

    Осакаров ауданы әкімдігінің

    2025 жылғы «21» шілдедегі

    №68/04

    қаулысына қосымша

    Оларға қатысты жария сервитут белгіленуге жататын қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензияның 2023 жылғы 12 қазандағы № 2176-EL шекарасындағы жер учаскелерінің тізбесі

    №№
    Кадастрлық нөмір
    Участкенің орналасқан жері
    Жария сервитут белгіленуге жататын учаскелер бөліктерінің ауданы (лицензия шекарасында), га
    1.
    09-137-037-133
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Сары-Арка» шаруа қожалығы
    10,203
    2.
    09-137-037-088
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    2,646
    3.
    09-137-037-091
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    0,787
    4.
    09-137-037-090
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    0,358
    5.
    09-137-037-084
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    2733,2951
    6.
    09-137-037-080
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    129,1
    7.
    09-137-037-081
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «ЕвразияИнвест Ltd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    99,1174
    8.
    09-137-037-089
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
    1,8242
    9.
    09-137-037-119
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Жансары ауылдық округі, «Нуртилеу» фермер қожалығы
    53,558
    10.
    09-137-039-089
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, «Росток» шаруа қожалығы
    297,427
    11.
    09-137-039-075
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, «Влад» шаруа қожалығы
    80,01
    12.
    09-137-039-159
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, «Беломестной» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    64,344
    13.
    09-137-039-005
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, «Яковлева» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    363,564
    14.
    09-137-039-059
    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Родников ауылдық округі, «Агрофирма «Кен-дала» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
    36,4211
    БАРЛЫҒЫ
    3 872,6548

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.