«Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 8 шілде 2025 ж.

    «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Саран қалалық мәслихатының «Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    1-қосымшаның 9 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

    «9. Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясынан не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап тұрғын үй көмегін көрсету туралы құжаттарды қарау және шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімін Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларымен белгіленген тәртіппен анықтау.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Саран қалалық мәслихатының төрағасы

    О. Баймаганбетов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.