Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/11 «Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский, Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 шілде 2025 ж.

    Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/11 «Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский,Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

    Шахтинск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Қарағанды облысы Шахтинск қалалық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы № 341/11 «Шахтинск қаласында және іргелес Долинка, Новодолинский,Шахан кенттерінде тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6611-09 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлi) Қағидаға сәйкес «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе «электрондық үкімет» веб-порталына тоқсанына бір рет жүгінеді.

    Мемлекеттік корпорациядан құжаттардың толық жиынтығын қабылдаған күннен бастап құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау не бас тарту туралы дәлелді жауап не «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беру мерзімі 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Шахтинск қалалық мәслихатының төрағасы

    Ж. Мамерханова

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.