Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2025 ж.

    Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақмола облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

    «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5075 болып тіркелген);

    «Облыстық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 қазандағы № А-10/466 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № А-5/133 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5324 болып тіркелген).

    2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы

    Е.Рамазанов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.