«Марал Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеу туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2025 ж.

    «Марал Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2031 жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгілеу туралы

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69 және 71-1 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына сәйкес Мойынқұм ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Марал Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Мойынқұм жер қоры жерінен жалпы алаңы 489,7892 гектар жер учаскесінде қатты пайдалы қазбаларды барлау үшін, 2031 жылдың 20 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

    2. «Марал Ресорсез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатты пайдалы қазбаларды барлаудан келтірілген шығынды толық көлемде өтеуді қамтамасыз етсін және қатты пайдалы қазбаларды барлау жұмыстары аяқталғаннан кейін бүлінген жерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    Е. Карентаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.