«Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 17 шілде 2025 ж.

    «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 4 тамыздағы № 257 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29040 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларында:

    2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:

    «1-1) газ толтыру станциясы – сұйытылған мұнай газын сақтауға, теміржол цистерналарына, автогаз тасымалдағыштарға, тұрмыстық баллондарға қотаруға және құюға, сондай-ақ тұрмыстық баллондарды жөндеуге және кәдеге жаратуға арналған технологиялық өзара байланысты өндірістік және өзге де объектілер кешені;»;

    6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «6. Тұрмыстық баллондарды есепке алудың меншікті жүйелері болмаған кезде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері тұрмыстық баллондарды сәйкестендіру және есепке алу жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесін пайдаланады.»;

    8 және 9-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «8. Уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне ақпаратты енгізу бойынша қолжетімділік жергілікті атқарушы органдарға және газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелеріне беріледі және уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде тіркелу жолымен жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

    9. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері Заңның 28-бабы 6-тармағының 3) тармақшасына сәйкес тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйелерімен берілген бірегей кодпен және (немесе) газ толтыру пункті иесінің тауар таңбасымен тұрмыстық баллондарды сәйкестендіруге міндетті.»;

    10-тармақтың 1) және 2) тармақшалары жаңа редакцияда жазылсын:

    «1) газ толтыру станцияның немесе газ толтыру пунктінің атауы;

    2) газ толтыру станциясының немесе газ толтыру пункті иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі;»;

    17, 18, 19, 20 және 21-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

    «17. Тұрмыстық баллондардың Талаптарға сәйкестігін белгілеуді газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүзеге асырады.

    18. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллондарды есепке алуды газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері жүргізеді.

    19. Тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесінде тұрмыстық баллонды бастапқы тіркеу кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері мынадай тіркеу деректерін:

    1) тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірін;

    2) тұрмыстық баллонның сыйымдылығын;

    3) тұрмыстық баллонның жасалған күнін;

    4) тұрмыстық баллонды соңғы жөндеу және (немесе) салыстырып тексеру күнін;

    5) тұрмыстық баллонды жөндеуге және (немесе) салыстырып тексеруге жауапты адамның тегін, атын, әкесінің атын (бар болса) енгізеді.

    Осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетiлген мәлiметтер болмаған жағдайда, газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды салыстырып тексеруді және (немесе) жөндеуді жүзеге асырады, ол туралы тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне тиісті ақпарат енгізіледі.

    20. Тұрмыстық баллондарда сұйытылған мұнай газын сату кезінде газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері тұрмыстық баллондарды есепке алу жүйесіне мынадай мәліметтерді:

    1) тұрмыстық баллонды толтыру күнін;

    2) тұрмыстық баллонды сату күнін;

    3) тұрмыстық баллонды сатып алған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін және тұрғылықты жерін енгізеді.

    21. Өткізілген тұрмыстық баллондар және тұрмыстық баллондарда өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі туралы мәліметтерді қалыптастыру уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде жүзеге асырылады.

    Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері сатқан тұрмыстық баллондар саны бойынша да, тұрмыстық баллондар арқылы өткізілген сұйытылған мұнай газының көлемі бойынша да мәлімет есепке алынады.

    Бұл ретте, бір тұрғылықты жері бойынша тіркелген бір немесе бірнеше адамға сатылған тұрмыстық баллондар, мұндай адамдарға өткізілген сұйытылған мұнай газының жалпы массасы күнтізбелік ай үшін 50 (елу) килограмнан асатын болса, есепке алынбайды.

    Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің иелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген талаптардың сақталуын ескере отырып, тұрмыстық баллондарды сатып алатын тұлғалар туралы мәліметтерді жинайды.»;

    23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

    «23. Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тұрмыстық баллондардың айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы ЭЦҚ-мен қол қойылған ақпарат жібереді.»;

    көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Газ өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрі

    Е. Аккенженов

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Төтенше жағдайлар министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Цифрлық даму, инновациялар және

    аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрі

    2025 жылғы 17 шілдедегі

    № 278-н/қ Бұйрығына

    1-қосымша

    Тұрмыстық баллондарды

    cәйкестендіру және тұрмыстық

    баллондарды есепке алу

    жүйелерінің жұмыс істеу

    қағидаларына

    1-қосымша

    1-нысан

    Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат

    Ұсынылады: облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 1-ТБАА.

    Кезеңділік: ай сайын.

    Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: газ толтыру станцияларының және газ толтыру пункттерінің иелері.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-інен (бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.

    ЖСН/БСН

    (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жинау әдісі: электрондық түрде.

    Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зе­тін об­лыс, рес­пуб­ли­ка­лық ма­ңы­зы бар қа­ла, аста­на, аудан (об­лы­стық ма­ңы­зы бар қа­ла) ел­ді ме­кен
    Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ТАӘ
    Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ЖСН/ БСН
    Тұр­мыстық бал­лон­ды са­тып алушы­ның ме­кен­жайы
    Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей ко­ды
    Тұр­мыстық ба­лон кө­ле­мі (литр)
    Тұр­мыстық бал­лон­ның бі­ре­гей за­уыт­тық нө­мі­рі
    Тұр­мыстық бал­лон­ды өт­кі­зу кү­ні
    1.
    2.
    3.
    4.
    5.
    6.
    7.
    8.
    9.

    Атауы ________________________ Мекенжайы__________________ Телефон ________________________ Электрондық поштаның мекенжайы ________ Орындаушы____________________ қолы, телефон ____________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________ қолы ___________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

    «Тұрмыстық баллондар

    айналымы және тұрмыстық

    баллондарда өткізілетін

    сұйытылған мұнай газының

    көлемі туралы ақпарат»

    әкімшілік деректерді жинауға

    арналған нысанға

    қосымша

    «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАА, кезеңділігі: ай сайын)

    «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

    1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;

    2-бағанда Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес тұрмыстық баллонды өткізетін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) елді мекені көрсетіледі;

    3-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) көрсетіледі;

    4-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;

    5-бағанда тұрмыстық баллонды сатып алушының мекенжайы көрсетіледі;

    6-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей коды көрсетіледі;

    7-бағанда тұрмыстық балон көлемі көрсетіледі;

    8-бағанда тұрмыстық баллонның бірегей зауыттық нөмірі көрсетіледі;

    9-бағанда тұрмыстық баллонды өткізу күні көрсетіледі.

    Қазақстан Республикасы

    Энергетика министрі

    2025 жылғы 17 шілдедегі

    № 278-н/қ

    Бұйрығына 2-қосымша

    Тұрмыстық баллондарды

    cәйкестендіру және тұрмыстық

    баллондарды есепке алу

    жүйелерінің жұмыс істеу

    қағидаларына

    2-қосымша

    2-нысан

    Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат

    Ұсынылады: уәкілетті органға.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет-ресурста орналастырылған: www.egsu.energo.gov.kz.

    Әкімшілік нысанның атауы: Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі: 2-ТБАЖА.

    Кезеңділік: ай сайын.

    Есепті кезең: 20___ жылғы_______________ айы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-інен (он бесінен) кешіктірмейтін мерзімде.

    ЖСН/БСН

    (жеке тұлғалар деректерді ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

    Жинау әдісі: электрондық түрде.

    Газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің атауы
    Тұрмыстық баллонды өткізетінн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала)
    Өткізілген тұрмыстық баллон саны (дана)
    Тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі (литр)
    1.
    2.
    3.
    4.
    5.
    Атауы ________________________
    Мекенжайы____________________
    Телефон ________________________
    Электрондық поштаның мекенжайы ________
    Орындаушы____________________ ____________ қолы, телефон
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам__________________
    қолы ___________________________________________
    тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)
    Мөрдің орны
    (жеке кәсіпкерлерлік субъектілері болып табылатын тұлғаларды қоспағанда)

    «Тұрмыстық баллондар

    айналымы және тұрмыстық

    баллондарда өткізілетін

    сұйытылған мұнай газының

    көлемі туралы жиынтық

    ақпарат» әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысанға қосымша

    «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме (Индексі: 1-ТБАЖА, кезеңділігі: ай сайын)

    «Тұрмыстық баллондар айналымы және тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі туралы жиынтық ақпарат» әкімшілік деректер нысанында мынадай деректер енгізіледі:

    1-бағанда реттік нөмірі көрсетіледі, бұл ретте кейінгі ақпарат реттік нөмірлеуді үзбейді;

    2-бағанда газ толтыру станцияларының және газ толтыру пунктінің атауы көрсетіледі;

    3-бағанда тұрмыстық баллонды өткізетін Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне (ӘАОЖ) сәйкес облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) көрсетіледі;

    4-бағанда өткізілген тұрмыстық баллонның саны көрсетіледі;

    5-бағанда тұрмыстық баллондарда өткізілетін сұйытылған мұнай газының көлемі көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.