«Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 шілде 2025 ж.

    «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы

    «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу қағидаларын және кеме қатынасы су жолдарының тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 37 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19985 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

    Қазақстан Республикасының Көлік министрі

    Н. Сауранбаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.