Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 1/12 «Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    ЖаңаМәслихаттың актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 шілде 2025 ж.

    Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 1/12 «Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Май аудандық мәслихатының «Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» 2024 жылғы 26 наурыздағы № 1/12 шешіміне (Нормативтық құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7516-14 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

    осы шешіммен бекітіліген Май ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінде:

    7-тармақ жаңа редақцияда жазылсын:

    «Құжаттарды қарау және тұрғын үй көмегін көрсету туралы шешім қабылдау немесе көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру мерзімі Мемлекеттік корпорациядан немесе «электрондық үкімет» веб-порталынан құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 6 (алты) жұмыс күнін құрайды.».

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Май аудандық мәслихатының төрағасы

    М. Хызыр

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.