«Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 шілде 2025 ж.

    «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-229/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21728 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

    «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 29) тармақшасына, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы сәйкес» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармақта 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидаларында:

    1, 2 және 3 - тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

    «1. Осы Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 9-бабының 29) тармақшасына және «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімін жүргізу тәртібін айқындайды.»;

    2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

    1) қауіпті факторларды талдау жүйесі және бақылаудың сындарлы нүктелері (бұдан әрі – ХАССП) – бақылаудың сындарлы нүктелерінде тұрақты бақылауды орнату кезінде, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі үшін сындарлы болып табылатын әлеуетті тәуекелдерді анықтау және бағалау арқылы барлық азық-түлік тізбегі бойынша өнімнің қауіпсіздігіне әсер ететін қауіпті факторларды жүйелі сәйкестендіру, бағалау және басқару (НАССР ағылшын транскрипциясында – Hazard Analysіs and Crіtіcal Control Poіnts);

    2) өнімді бақылау мақсатында сатып алу – бақылау және қадағалау органының тауар нысанындағы өнімді бақылау шеңберінде сатып алуды жүзеге асыруы;

    3) өтініш беруші – өнімді Тізілімнен шығару мақсатында өнім туралы мәліметті және материалдарды ұсынатын өнімнің импорттаушы-өндірушінің жеке,заңды тұлғалары;

    4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі – мемлекеттік орган) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік саясатты, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерде және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерінде белгіленген талаптардың сақталуын бақылау мен қадағалауды іске асыратын мемлекеттік орган;

    5) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі (бұдан әрі – Тізілім) – халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізбесі.

    3. Электрондық түрдегі өнім тізбесін көрсете отырып, өнімді бақылау мақсатында сатып алу және өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы бойынша есепті аумақтық бөлімшелер қалыптастырады және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша ай сайын, айдың 5-ші күніне мемлекеттік органға жібереді.»;

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Тізілімді жүргізу өнімді бақылау мақсатында сатып алу жүргізу кезінде анықталған, халықтың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін тәуекел тудыратын сәйкес келмейтің өнімдердің тізбесін мемлекеттік органның интернет-ресурсында ай сайын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.»;

    9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «9. Өнімді Тізілімге енгізу үшін мыналар негіз болып табылады:

    1) Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайларда халықтын санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы өнімді бақылау мақсатында сатып алу және өнімнің санитариялық-эпидемиологиялық сараптамасы нәтижелері;

    2) халықаралық ұйымдардан, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден немесе үшінші елдерден техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалаудың (бақылаудың) бақылауындағы өнімнің анықталғаны туралы ақпаратты растайтын өнімді бақылау мақсатында сатып алу және санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері.»;

    13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «13. Кодекстің 95-бабына сәйкес өндірушілердің қауіпсіз және сапалы өнімді айналымға шығаруға кепілдік беретін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын растайтын мәліметтер, ХАССП қағидаттарына негізделген рәсімді енгізу туралы мәліметтер және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған зертханалық бақылау нәтижелері мемлекеттік органның шешімі негізінде осындай факт анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Тізілімнен алып тасталуға жатады.

    Өтініш беру, оны қабылдау және өтініш беруші аумақтық бөлімшеге ұсынған өтінішті қарау мерзімдері Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік - процестік кодексінде белгіленген тәртіппен қаралады.»;

    көрсетілген қағидаларға 2 - қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

    3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы

    Т. Султангазиев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Стратегиялық жоспарлау және

    реформалар агенттiгi

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Республикасының

    Денсаулық сақтау министрінің

    міндетін атқарушы

    2025 жылғы 14 шілдедегі

    № 65 Бұйрығына қосымша

    Халықтың санитариялық-

    эпидемиологиялық саламаттылығы

    саласындағы нормативтік

    құқықтық актілердің

    талаптарына сәйкес келмейтін

    өнімдердің тізілімін

    жүргізу қағидаларына

    2-қосымша

    Әкімшілік деректерді

    жинауға арналған

    нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: www.gov.kz

    Әкімшілік нысанның атауы: «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі»

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): 01-ИРПК

    Кезеңділік: ай сайын, жылдың басынан бастап өсуіне сәйкес

    Есепті кезең: ________________20____жыл

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық бөлімшелері

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-не ұсынылады

    ЖСН/БСН

    Жинау әдісі: электронды түрде

    Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі

    Тар­мақ №
    Өнім­дер­дің тү­рі
    Өнім­дер­дің ата­уы
    Өн­ді­ру­ші
    Пар­тия неме­се се­рия нө­мі­рі, дай­ын­дал­ған кү­ні, жа­рам­ды­лық мер­зі­мі
    Үл­гі­лер­ді ірік­теу ор­ны (объ­ек­ті­нің ата­уы, ме­кен жайы)
    өнім­дер­дің ко­ды/штрих ко­ды
    код бой­ын­ша ата­уы
    ел­дің ко­ды (Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ұлт­тық жік­те­уі­шіне сәй­кес ҚР ҰК ISO 3166-1-2016 «Ел­дер­дің ата­у­ла­ры мен олар­дың әкім­ші­лік-аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі­нің бір­лік­те­рін ұсы­ну­ға ар­нал­ған код­тар. 1- бө­лім. Ел код­та­ры»)
    ел­дің ата­уы
    өндіруші (заңды тұлғаның немесе жеке тұлғаның атауы, мекенжайы)
    Жалғасы
    Бұ­зу­шы­лық­тар­дың түр­ле­рі
    мик­ро­био­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­тер, нақ­ты мәні және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма бой­ын­ша рұқ­сат еті­ле­тін нор­ма­лар (са­рап­та­ма хат­та­ма­сы №, кү­ні)
    фи­зи­ка­лық-хи­ми­я­лық, нақ­ты мәні және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма бой­ын­ша рұқ­сат еті­л­ген нор­ма­лар (са­рап­та­ма хат­та­ма­сы №, кү­ні)
    қа­уіп­сіз­дік көр­сет­кіш­те­рі, нақ­ты мәні және нор­ма­тив­тік құ­жат­та­ма бой­ын­ша рұқ­сат еті­л­ген нор­ма­лар (са­рап­та­ма хат­та­ма­сы №, кү­ні)
    таң­ба­лау, бұ­зу­шы­лық си­па­ты (са­рап­та­ма хат­та­ма­сы № кү­ні)
    жал­ған өнім
    Жалғасы
    Қол­да­ны­л­ған ша­ра­лар
    нұс­қа­ма бе­ріл­ді (№, кү­ні, кім­ге жі­бе­ріл­ді, со­ның ме­кен­жай­ы­на)
    са­уда объ­ек­ті­сі
    өнім бе­ру­ші
    тек­се­ру ак­ті­сі, кү­ні, нө­мі­рі, бұ­зу­шы­лық­ты анық­тау
    ша­ра­лар (ай­ып пұл, ба­бы, ай­ып пұл со­ма­сы, кім­ге)
    са­ты­лым­нан алын­ға­ны, бар­лы­ғы
    оның ішін­де өнім бе­ру­ші­ге қай­та­ры­л­ға­ны (ки­ло­грамм, литр)
    оның ішін­де өнімн жой­ыл­ды, жою тә­сі­лі (са­ны, ки­ло­грамм, литр)
    тек­се­ру ак­ті­сі, №, кү­ні, анық­тал­ған бұ­зу­шы­лық­тар
    ша­ра­лар (ай­ып пұл, ба­бы, ай­ып пұл со­ма­сы, кім­ге)
    са­ты­лым­нан алын­ға­ны, бар­лы­ғы (ки­ло­грамм, литр)
    оның ішін­де өнім бе­ру­ші­ге неме­се өн­ді­ру­ші­ге қай­та­ры­л­ға­ны (са­ны, ки­ло­грамм, литр)
    оның ішін­де өнім жой­ыл­ды, жою тә­сі­лі (са­ны, ки­ло­грамм, литр)
    Жалғасы
    Қол­да­ны­л­ған ша­ра­лар
    Өнім­нің сәй­кест­і­гін рас­тай­тын құ­жат­тың ата­уы
    Өнім­нің (та­у­ар­дың) өнім бе­ру­ші­сі (ата­уы, ме­кен­жайы)
    сот ше­ші­мі
    Ма­те­ри­ал сот­қа жі­бе­ріл­ді
    қа­ра­лу­да
    қа­на­ғат­тан­ды­ры­л­ға­ны (әкім­ші­лік ша­ра, қа­у­лы)
    бас тар­ты­л­ға­ны
    нө­мі­рі
    ата­уы, бе­рі­л­ген кү­ні, қол­да­ны­лу мер­зі­мі, кім бер­ген
    Атауы
    ______________________
    __________________________________
    Мекенжайы
    _______________________
    ____________________________

    Телефоны______________________________________________________ Электрондық пошта мекенжайы_______________________________ Орындаушы____________________________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы, телефон Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам_________________________ тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда)             қолы Мөрдің орны (жеке кәсіпкерлер болып табылатын тұлғалардан қоспағанда)

    _________________

    «Халықтың санитариялық-

    эпидемиологиялық саламаттылығы

    саласындағы нормативтік

    құқықтық актілердің талаптарына

    сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі»

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде

    жинауға арналған нысанға қосымша

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанын толтыру жөніндегі түсіндірме «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі» (нысанның индексі: 01 - ИРПК және кезеңділігі: ай сайын, жыл бойынша өсу қорытындысымен)

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы әкімшілік деректерді өтеусіз негізінде жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімдердің тізілімі» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірынғай толаптарда айқындайды.

    2. Нысанды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігіінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстар мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық бөлімшелері толтырады.

    3. Нысан ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 - не ұсынылады.

    4. Нысанға басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға оның тегі мен аты - жөні, сондай-ақ толтырылған күні көрсетіле отырып қол қояды.

    5. Нысан қазақ және орыс тілдерінде толтырылады.

    6. Әкімшілік деректер нысанында пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:

    1) дайындалған (өндірілген) күні – өнімді дайындаудың (өндірудің) технологиялық процесінің аяқталғаны туралы ақпарат беретін, дайындаушы белгілейтін күн;

    2) жарамдылық мерзімі – мерзімі өткеннен кейін өнім мақсаты бойынша пайдалануға жарамсыз болып саналатын уақыт кезеңі;

    3) таңбалау – тұтынушыға арналған ақпаратты жеткізетін және өнімге, құжаттарға, жаднамаларға (қосымша парақтар, ақпараттық парақтар), затбелгілерге, заттаңбаларға, қаптамаға (ыдысқа) жазылған мәтін, тауарлық белгілер, шарттық белгі және суреттер.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсінідірме

    1) 1-бағанда «№» реттік нөмірі бойынша толтырылады;

    2) 2-бағанда ҚР ҰК 04-2008 экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің ұлттық жіктеуішіне сәйкес өнім түрі көрсетіледі;

    3) 3-бағанда өнімдердің атауы көрсетіледі;

    4) 4-бағанда өндіруші көрсетіледі;

    5) 5-бағанда партия немесе серия нөмірі, дайындалған күні, жарамдылық мерзімі көрсетіледі;

    6) 6-бағанда үлгілерді іріктеу орны (объектінің атауы, мекенжайы) көрсетіледі;

    7) 7-бағанда бұзушылықтардың түрлері көрсетіледі;

    8) 8-бағанда қолданылған шаралар көрсетіледі;

    9) 9-бағанда өнімнің (тауардың) сәйкестігін растайтын құжаттың атауы көрсетіледі;

    10) 10-бағанда өнімнің (тауардың) өнім берушісі (атауы, мекенжайы) көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.