2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаниқалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 14 шілде 2025 ж.

    2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаниқалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасын бекіту туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылған схемасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

    2. «Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне Қазахстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:

    1) осы қаулығы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

    2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    4. Осы қаулы ресми түрде жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Аудан әкімі

    М. Жұрқабаев

    Әкімдіктің

    2025 жылғы ____________

    № ____ қаулысына

    қосымша

    «2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде жайылым айналымдарының ұсынылатын схемасы

    Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

    Жылдар
    1-қаша
    2-қаша
    3-қаша
    4-қаша
    2025
    демалатын қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл 1
    жазғы мезгіл 2
    күзгі мезгіл 3
    2026
    күзгі мезгіл 1
    демалатын қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл 2
    жазғы мезгіл 3
    2027
    демалатын қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл 1
    жазғы мезгіл 2
    күзгі мезгіл 3
    2028
    күзгі мезгіл 1
    демалатын қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл 2
    жазғы мезгіл 3
    2029
    демалатын қаша
    көктемгі-жазғы мезгіл 1
    жазғы мезгіл 2
    күзгі мезгіл 3
    Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – жылына қашаны пайдалану кезегі

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.