Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның ӘМ-де тіркелуге жатпайтын актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 16 мамыр 2025 ж.

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

    «Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

    1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

    2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Министр

    С. Нұрбек

    Қазақстан Республикасының

    Ғылым және жоғары білім Министрі

    _____ жылғы _________ № _____

    бұйрыққа қосымша

    Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

    Мем­ле­кет­тік ор­ган
    ССти­пен­дия
    сту­дент­тер­ге
    ма­ги­странт­тар­ға
    1.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ғы­лым және жо­ға­ры бі­лім ми­ни­стр­лі­гі
    1014
    5
    2.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы ту­ризм және спорт ми­ни­стр­лі­гі
    0
    0
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы мә­ди­ни­ет және ақ­па­рат ми­ни­стр­лі­гі
    17
    1
    3.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стр­лі­гі
    4
    1
    4.
    Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы ми­ни­стр­лі­гі
    45
    1
    Бар­лы­ғы
    1080
    8

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.