Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 10 шілде 2025 ж.

    Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағының 14-8) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қызылорда облысының әкімі

    Н. Нәлібаев

    Қызылорда облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «10 » шілдедегі

    №137 қаулысына қосымша

    Қызылорда облысы бойынша ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтар

    Атауы
    1
    Невропатолог (ересектер, балалар)
    2
    Гематолог (ересектер)
    3
    Ревматолог (ересектер, балалар)
    4
    Хирург (ересектер, балалар)
    5
    Анестезиолог-реаниматолог (ересектер, балалар)
    6
    Акушер-гинеколог (ересектер, балалар)
    7
    Нейрохирург (ересектер, балалар)
    8
    Травматолог (ересектер, балалар)
    9
    Офтальмолог (ересектер, балалар)
    10
    Кардиолог (ересектер, балалар)
    11
    Интервенциялық кардиология

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.