«Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 шілде 2025 ж.

    «Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31999 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

    көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемеде:

    6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Жерлердің ірі масштабты топырақ іздестірулерінің нәтижелері (топырақ карталары мен картограммалары) мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесіне жұмыстар орындалған жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін енгізіледі.»;

    8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «8. Топырақ іздестірулер бойынша дала жұмыстары басталғанға дейінгі дайындық кезеңінде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21366 болып тіркелген) бекітілген «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат алады.»;

    9-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

    «1) картографиялық: қағаз және цифрлық тасығыштардағы фотожоспарлар, аэрофотосуреттер, ғарыштық суреттер және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің цифрлық деректері;»;

    28, 29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

    «28. Негізгі кескіндер барлық қат-қабаттар мен аналық жыныстың жоғарғы 10 (он) сантиметрін ашатын топырақтың толық профилін зерттеу үшін барынша типтік жерлерде орналастырылған. Кескіннің жалпы тереңдігі 80 (сексен) сантиметрден 200 (екі жүз) сантиметрге дейін, алдыңғы қабырғаның ені 60 (алпыс) сантиметрге дейін. Кесіндіде қиыршық тас, тығыз жыныстар немесе су болған жағдайда, негізгі топырақ кесіндісінің тереңдігі тығыз жынысты ашу тереңдігімен немесе судың пайда болуымен шектеледі.

    29. Жартылай шұңқырлар топырақтың түрлерін және аналық жыныс басталғанға дейінгі барлық топырақ горизонттарын аша отырып, олардың кеңістіктік өзгеруін анықтау үшін типтік жерлерде қазылады. Жартылай шұңқырлардың тереңдігі топырақ түзетін жыныс ашылғанға дейін 80 (сексен) сантиметрден 10 (он) сантиметрге дейін, ені – 60 (алпыс) сантиметрден кем болмайды.

    30. Қазбашықтар негізгі кесінділермен және жартылай шұңқырлармен анықталған және сипатталған жекелеген топырақ контурларының шекараларын нақтылау үшін пайдаланылады, қазбашықтың жалпы тереңдігі кемінде 50 (елу) сантиметр. 2-3 (екі-үш) негізгі қат-қабатты қазу арқылы ашу топырақтың жекелеген жалпы және түрлік белгілерін (қарашірік қат-қабатының қалыңдығы, карбонаттылық, кебірлілік, сортаңдану) анықтау үшін жүргізіледі.»;

    33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

    «33. Негізгі кескіндерде, жартылай шұңқырларда және қазбашықтарда топырақтың морфологиялық белгілерін сипаттау осы Әдістемеге 8-қосымшаға сәйкес топырақтың морфологиялық белгілерінің қысқартылған индекстерін пайдалана отырып, жүзеге асырылады.»;

    6 және 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымша ларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    24-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    41-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

    48-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

    2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

    А. Сапаров

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Цифрлық даму,

    инновациялар және аэроғарыш

    өнеркәсібі министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 9 шілдедегі

    № 218 бұйрығына

    1-қосымша

    Жердің ірі масштабты топырақ

    іздестірулерін жүргізу

    жөніндегі әдістемеге

    6-қосымша

    Нысан

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің «Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының _________облысы бойынша филиалы

    Топырақ сипаттамасының далалық журналы _______________________________________________________________________________ (ауылдық округ, ауыл, қала, есеп кварталының нөмірі) _______________________________________________________________________________ (аудан) _______________________________________________________________________________ (облыс)

    Кескін № _____ _________ бастап __________ дейін

    Кескіндер саны:

    негізгі _____

    жартылай қазбалар_____

    қазбашықтар _____

    Топырақты зерттеп-қарау

    ___ «____» _____бастап

    ___ «____» _____ дейін жүргізілді

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 9 шілдедегі

    № 218 бұйрығына

    2-қосымша

    Жердің ірі масштабты топырақ

    іздестірулерін жүргізу

    жөніндегі әдістемеге

    7-қосымша

    Нысан

    № ____ кескін

    _____________________________________ ____________________________________ (топырақ танушының тегі) (сипаттау күні) (облыс, аудан, жер пайдалану)

    N….……°..…..…´……………..…´´Е………°………..´…………..….´´ (координаттар)

    _________________________________________________________________________________________ (алқап және оның жай-күйі – дақыл, шөп басқан,

    __________________________________________________________________________________________ өсімдік жамылғысы, жобалық жамылғы)

    __________________________________________________________________________________________ (топырақ бетінің жай-күйі)

    __________________________________________________________________________________________ (жалпы жер бедері)

    __________________________________________________________________________________________ мезобедер (жер бедері элементі, алаңы бойынша

    __________________________________________________________________________________________ басым контур аумағындағы

    __________________________________________________________________________________________ беткейлердің экспозициясы мен тіктігі градуспен), микробедер

    __________________________________________________________________________________________ (топырақ түзуші және төсеніш жыныстар)

    Ке­сін­ді­нің те­рең­ді­гі (сан­ти­метр)
    Кө­пір­шік­ті­лік (сан­ти­метр)
    Са­СО3 жи­на­лым­да­ры
    Гипс
    Тез ері­гіш тұз­дар
    Тот дақ­тар
    Глей дақ­та­ры
    те­рең­ді­гі (сан­ти­метр)
    әл­сіз
    аса
    те­рең­ді­гі (сан­ти­метр) және пі­ші­ні
    са­ны (астын сы­зу)
    те­рең­ді­гі (сан­ти­метр) және пі­ші­ні
    са­ны (астын сы­зу)
    те­рең­ді­гі (сан­ти­метр) және пі­ші­ні
    са­ны (астын сы­зу)
    көп аз
    көп аз
    көп аз

    ___________________________________________________________________________________________ (контурдың агроөндірістік сипаттамасы – біртектілік немесе кешенділік,

    ____________________________________________________________________________________________ контурдағы компоненттердің пайыздық арақатынасы,

    ____________________________________________________________________________________________ өндірістік бағалау)

    Топырақтың анықтамасы

    1) далалық___________________________________________________________________________________

    2) түпкілікті__________________________________________________________________________________

    Топырақ бейіні сипаттамасы

    Го­ри­зонт­тар­да­ғы қа­си­ет­те­рі мен бел­гі­ле­рі
    Ге­не­ти­ка­лық го­ри­зонт­тар­дың бел­гі­ле­нуі, ор­на­ла­су те­рең­ді­гі және қа­лыңды­ғы, сан­ти­метр­мен
    Тү­сі
    Ме­ха­ни­ка­лық құ­ра­мы
    Ылғал­ды­лы­ғы
    Құ­ры­лы­мы
    Тығ­ы­зды­ғы (бай­ла­ны­сты­лы­ғы)
    Кө­пір­шуі (си­па­ты, те­рең­ді­гі)
    Ке­уек­ті­лі­гі (қуы­сты­лы­ғы)
    Тү­бір­лер (көп, аз)
    Кі­рік­пе­лер мен жа­ңа жа­ра­лым­дар
    Ауы­су си­па­ты
    Үл­гі алу те­рең­ді­гі
    Топырақтанушының қолы _______________________

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 9 шілдедегі

    № 218 бұйрығына

    3-қосымша

    Жердің ірі масштабты топырақ

    іздестірулерін жүргізу

    жөніндегі әдістемеге

    24-қосымша

    Нысан

    Қаңқалық дәрежесі бойынша топырақтардың жіктемесі (қиыршық тас, қабыршақ, шақпатас – 3 миллиметрден 5 сантиметрге дейінгі бөлшектер)

    Бел­гі
    Қаң­қа мөл­ше­рі бой­ын­ша то­пы­рақ­тар­дың ата­уы
    0-30 сан­ти­метр­лік қа­бат­та­ғы то­пы­рақ сал­ма­ғы­ның %-пен қаң­қа мөл­ше­рі
    Аг­ро­ме­ли­о­ра­ци­я­лық іс-ша­ра­лар қа­жет­ті­лі­гі
    Аз қаң­қа­лы
    < 10
    Қа­жет емес
    ∆∆
    Ор­та­ша қаң­қа­лы
    10-20
    Қа­жет емес
    ∆∆∆
    Қат­ты қаң­қа­лы
    20-50
    Ұсақ то­пы­рақ­пен, ор­га­ни­ка­лық заттар­мен бай­ы­ту және іші­на­ра мал­та­тас пен шақ­па­та­стан та­зар­ту қа­жет
    ∆∆∆∆
    Өте қат­ты қаң­қа­лы
    > 50
    Егі­стікке ти­ім­ді­лі­гі тө­мен

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 9 шілдедегі

    № 218 бұйрығына

    4-қосымша

    Жердің ірі масштабты топырақ

    іздестірулерін жүргізу

    жөніндегі әдістемеге

    41-қосымша

    Нысан

    Жеміс дақылдары үшін әртүрлі тереңдіктегі топырақ ортасының (рН) әсер ету мәні

    қа­бат­та­ғы су сус­пен­зи­я­сы­ның рН, см
    То­пы­рақ­тың же­міс ек­пе­ле­рі үшін жа­рам­ды­лы­ғы
    0-50
    50-150
    150-200
    200-250
    250-300
    6,0-ден аз
    6,0-8,5
    6,0-8,7
    6,0-8,7
    6,0-8,7
    Дәнек­ті да­қыл­дар үшін қо­лай­лы және әк­теу ке­зін­де – сүй­ек­ті да­қыл­дар үшін
    6,0-8,5
    6,0-8,5
    6,0-8,7
    6,0-8,7
    6,0-8,7
    Бар­лық да­қыл­дар үшін қо­лай­лы
    7,0-8,5
    7,0-8,5
    8,5-8,7
    8,5-8,7
    8,7-8,8-ден көп
    Қы­сқы дән­ді сорт­тар үшін жет­кі­лік­ті қа­на­ғат­та­нар­лық емес
    7,0-8,6
    7,0-8,5
    8,5-8,7
    8,7-ден аз
    8,7-9,0
    Сүй­ек­ті тұқым­дар­ға жа­рам­ды, олар­ды ала­са өс­кен те­лі­ту­ші­лер­де өсір­ген кез­де. Би­ік өс­кен те­лі­ту­ші­лер­де ал­ма аға­шы­ның ең бе­рік жаз­ғы сорт­та­ры өсі­рі­луі мүм­кін.
    7,0-8,5
    8,5-8,7
    8,7-ден көп
    8,7-9,0
    9,0-ден көп
    Сүй­ек­ті да­қыл­дар­ға жа­рам­ды, әсі­ре­се өрік аға­шы­на, ала­са өс­кен те­лі­ту­ші­лер­де ал­ма аға­шы­ның ең бе­рік жаз­ғы сорт­та­ры өсі­рі­луі мүм­кін. Ал­ма аға­шы­ның қы­сқы сорт­та­ры үшін жа­рам­сыз.
    8,0-8,5
    8,7-8,8-ден көп
    8,7-9,0 және одан көп
    9,0-ден көп
    9,0-ден көп
    Тек өрік, қа­ра­өрік, бе­же отыр­ғызуға бо­ла­ды. Бас­қа тұқым­дар­ға жа­рам­сыз.
    8,7-8,8-ден көп
    8,7-9,0 және одан көп
    9,0-ден жо­ға­ры
    9,0-ден көп
    9,0-ден көп
    Же­міс аға­шта­ры үшін пай­да­ла­ну­ға жа­рам­сыз.

    Қазақстан Республикасының

    Ауыл шаруашылығы министрі

    2025 жылғы 9 шілдедегі

    № 218 бұйрығына

    5-қосымша

    Жердің ірі масштабты топырақ

    іздестірулерін жүргізу

    жөніндегі әдістемеге

    48-қосымша

    Нысан

    _________ жылғы «____» _________________

    далалық ____________________________________________________________________________ ________________________________________________________ жұмыстарды тексеру (қабылдау) № _______ актісі Мен ________________________________________________________________________________ (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы) ______________________________________________________________ аумағында орындалатын (облыс, аудан, кадастрлық квартал, ауылдық округтің атауы) далалық _____________________________________________________________________________ жұмыстарды тексеруді (қабылдауды) жүргіздім. Далалық жұмыстарды _____________________________________________________ масштабында ________________________ жер көлемінде _______________________________________ бөлімінің _____________________________________________________________________________________ (орындаушының лауазымы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) ______________________________ бастап _________________ аралығындағы мерзімде орындады. Далалық карталарды және сипаттау бланкілерін қарап шығу нәтижесінде, сондай-ақ ұзақтығы __________________________________________ бақылау маршруты негізінде анықталды: 1. Далалық түсіру ______________________________________________________________________ ____________________________________ сапалы ____________________________ масштабындағы фотожоспарларда жүргізілді. _______________________________________________ контур айырып көрсетілді және сипатталды. 2. Жасалған сипаттамалар ____________ дана, олардың кондициясы түсіру масштабына сәйкес келеді. 3. Контурлар шекараларын және сипаттау орындарын картаға түсіру дәлдігі, шекараларды картаның іргелес парақтары бойынша байланыстыру________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ 4. Далалық құжаттама (сипаттау бланкілері) жүргізіледі ____________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________ 5. Химиялық талдауға топырақ үлгілері іріктеліп алынды ___ дана, су ____

    Далалық және камералдық тексеру негізінде, далалық_____________________ жұмыстар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2023 жылғы 22 ақпандағы № 75 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31999 болып тіркелген) бекітілген Жердің ірі масштабты топырақ іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемесіне сәйкес орындалған.

    Түзетілуі тиіс жекелеген кемшіліктер көрсетілді: Тексеру жүргізген _____________________________________________________________________ Орындаушы __________________________________________________________________________ Аталған кемшіліктерді түзеткен __________________________________________________________ Жұмыс _____________________________________________ бағасымен қабылданды деп есептелсін

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.