2025 – 2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 22 шілде 2025 ж.

    2025–2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-тармағының 8) тармақшасына, «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13418 болып тіркелген) және «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2024–2025, 2025–2026, 2026–2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 118 бұйрығына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілсін.

    2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

    3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Маңғыстау облысының әкімі

    Н. Қилыбай

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «1» шілдедегі

    № 150 қаулысына 1 қосымша

    2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы (жергілікті бюджет есебінен)

    Білім беру саласының коды және сыныпталуы
    Даярлау бағыттарының коды және сыныпталуы
    2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырыс көлемі
    2025-2026 оқу жылына 1 студентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)
    ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    1
    6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6В021 Өнер
    20
    1 209,3
    1 055,9
    2
    6B10 Денсаулық сақтау
    6B101 Денсаулық сақтау
    126
    1 230,7
    1 218,3
    3
    6В11 Қызмет көрсету
    6В111 Қызмет көрсету саласы
    4
    905,8
    803,9
    6В113 Көлік қызметтері
    2
    905,8
    803,9
    4
    6В07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары
    6В071 Инженерия және инженерлік іс
    5
    1 111,4
    1 009,6
    5
    6В01 Педагогикалық ғылымдар
    6В01Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
    2
    1 139,2
    1 008,1
    6
    6В06 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
    6В063 Ақпараттық қауіпсіздік
    3
    1 111,4
    1 009,6
    7
    6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар
    6В022 Гуманитарлық ғылымдар
    3
    905,8
    803,9
    8
    6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар
    6B081 Агрономия
    2
    933,6
    831,8
    6В082 Мал шаруашылығы
    2
    933,6
    831,8
    6B084 Балық шаруашылығы
    3
    933,6
    831,8
    6B086 Су ресурстары және суды пайдалану
    3
    933,6
    831,8
    Барлығы
    175

    Маңғыстау облысы әкімдігінің

    2025 жылғы «22» шілдедегі

    № 158 қаулысына 2-қосымша

    2025-2026 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (резидентура) білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы

    Коды
    Атауы
    2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орындар саны)
    Жылына 1 дәрігер-резидентті оқытуға жұмсалатын орташа шығыстар (мың теңге)
    ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    басқа жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары
    1
    7R09
    Денсаулық сақтау (медицина)
    38
    1 939,90
    1 811,30

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.