Успен ауданы Успен ауылдық округі Успен ауылының көшелерінің атауларын қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес 2015 жылғы 2 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде Успен ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Успен ауданы Успен ауылдық округі Успен ауылының көшелерінің атаулары:
«Молодежная» көшесі «Наукенов» көшесі;
«8 март» көшесі «Яременко» көшесі болып қайта аталсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Успен ауылдық округінің әкімі
А. Калина
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.