«Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    ЖаңаҮкіметтің қаулысы
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 9 шілде 2025 ж.

    «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

    Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

    көрсетілген қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларында:

    5-тармақ үшінші бөліктен кейін мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:

    «Осы Қағидалардың 5-тармағы бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген адамдар санатына жататын осы Қағидалардың 5-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасында көрсетілген адамдарға олардың мектепке дейінгі ұйымға бару кезеңінде мемлекет тамақтану шығыстарын жергілікті бюджеттер есебінен 100 пайыз мөлшерінде өтейді.»;

    6-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

    «6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің растайтын құжаттар қоса берілген, еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:».

    2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі

    О. Бектенов

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.