Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талапты, сондай-ақ байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомстваның ӘМ-де мем. тіркелуге жатпайтын бірлескен актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 30 маусым 2025 ж.

    Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидаларын, мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талапты, сондай-ақ байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидаларын бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 167-бабының 2 және 3- тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

    1. Мыналар:

    1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері мен нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар;

    2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары бекітілсін.

    2. Халықаралық экономикалық ынтымақтастық департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

    3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне және жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

    __________М. Такиев

    Министрдің міндетін атқарушы

    __________А. Амрин

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық статистика бюросы

    Қазақстан Реcпубликасының

    Қаржы министрі

    2025 жылғы 1 шілдедегі

    № 336 мен

    Министрдің міндетін атқарушы

    2025 жылғы 30 маусымдағы

    № 62

    Бірлескен бұйрыққа

    1-қосымша

    Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар

    1. Осы Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары, сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 167-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік пен ақпаратты ұсыну тәртібін, мерзімдері мен нысандарын айқындайды.

    2. Байланысты гранттардың іске асырылу мониторингін жүзеге асыру шеңберінде оларды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілікті және ақпаратты табыс етудің мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау, байланысты гранттарды тартуды жоспарлау процесін жетілдіру және байланысты гранттарды тарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау болып табылады.

    3. Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есепті жасау кезең-кезеңімен жүзеге асырылады және онда:

    1) мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының стратегиялық жоспарларына сәйкес жоспарланған деректер көрсетіледі;

    2) қол жеткен нәтижелер (нақты деректер) жоспарланғандарымен салыстырылады.

    4. Ай сайын есепті айдан кейінгі айдың бесі күніне байланысты гранттарды іске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары мен өзге де мемлекеттік органдары осы Қағидаларға 1 – 4-қосымшаларға сәйкес бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға есептілік нысандарын ұсынады.

    5. Орталық мемлекеттік органдар байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы жылдық есептілікті және ақпаратты байланысты өтінімдері бойынша гранттар тартылған жергілікті өкілді және атқарушы органдардың есептілігін ескере отырып, бюджет саясаты және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органдарға Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылғы 5 наурыздан кешіктірмей ұсынады.

    Өтінімдері бойынша байланысты гранттар тартылған жергілікті атқарушы органдар ақпаратты орталық мемлекеттік органдарға Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес есепті жылдан кейінгі жылғы 20 ақпаннан кешіктірмей ұсынады.

    Байланысты гранттарды

    пайдалану барысы мен нәтижелері

    туралы есептілікті ұсыну қағидалары,

    мерзімдері және нысандары,

    сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа

    қойылатын талаптарға

    1-қосымша

    Байланысты грант қаражатының игерілуі туралы деректер

    Р/с №
    Са­нат­тың
    ата­уы
    Са­нат­тың со­ма­сы (АҚШ долл.)
    Жа­у­ап­ты ұй­ым
    Та­у­ар­лар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (жұ­мыстар­дың) өнім бе­ру­ші фир­ма­сы
    Ке­лі­сім­шар­тқа қол қой­ы­л­ған күн
    Ке­лі­сім­шарт со­ма­сы (АҚШ долл.)
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Жиы­ны:
    кестенің жалғасы
    АҚШ долл. жұм­сал­ған қа­ра­жат
    Жұм­сал­ға­ны
    Ке­ле­сі ай­ға ар­нал­ған бо­лжам (АҚШ долл.)
    Ес­керт­пе
    Ағым­да­ғы жы­лы
    Бір ай­да
    АҚШ долл.
    тең­ге
    АҚШ долл.
    тең­ге
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    Жиы­ны:
    Ескертпе:
    1. Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.
    2. № 10 және № 12 бағандарда теңгенің АҚШ долларына бағамы қаражатты байланысты гранттың шотынан алу күніне қолданылады.

    Байланысты гранттарды

    пайдалану барысы мен нәтижелері

    туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары,

    сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа

    қойылатын талаптарға

    2-қосымша

    20__ жылғы______ байланысты грант қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпарат

    Кодтары                             Донор

    Функционалды топ                    Грант нөмірі

    Мекеме                              Қызмет көрсететін банк

    Бағдарлама                          Арнайы шоттар

    Кіші бағдарлама                     20___жылғы «__»_____кіріс қалдық:

    Арнайы шот

    Грант қаражатының түсуі (бюджеттік сыныптама коды)

    Р/с №
    Қа­ра­жат­тың түс­кен кү­ні
    Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.)
    Тең­ге­мен со­ма­сы (мың тең­ге)
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы кас­са­лық шы­ғы­стар (мың АҚШ долл.)
    Тең­ге­мен кас­са­лық шы­ғы­стар (мың тең­ге)
    Жыл ба­сы­нан бер­гі бө­лін­ген ли­мит­тер (мың тең­ге)
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Жиы­ны:
    20__ жылғы______ арнайы шоттағы таза қалдық мың АҚШ долл.
    мың теңге
    теңге бағамы
    Байланысты грант қаражатын есептен шығару (бюджеттік сыныптама коды)
    Р/с №
    Қа­ра­жат­тың есеп­тен шы­ға­ры­л­ған кү­ні
    Ше­тел­дік ва­лю­та­да­ғы со­ма­сы (мың АҚШ долл.)
    Тең­ге­мен со­ма­сы (мың АҚШ долл.)
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    Кас­са­лық шы­ғы­стар ше­тел­дік ва­лю­та­мен (мың АҚШ долл.)
    Кас­са­лық шы­ғы­стар тең­ге­мен (мың тең­ге)
    Жыл ба­сы­нан бер­гі бө­лін­ген ли­мит­тер (мың тең­ге)
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    бір ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Жиы­ны:
    Ескертпе: Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

    Байланысты гранттарды

    пайдалану барысы мен нәтижелері

    туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары,

    сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа

    қойылатын талаптарға

    3-қосымша

    Байланысты грант қаражатының 20___ жылғы______ жұмсалуы туралы ақпарат

    Кодтары                               Донор

    Функционалды топ             Грант нөмірі

    Мекеме                                 Қызмет көрсететін банк

    Бағдарлама                           Арнайы шоттар

    Кіші бағдарлама

    Р/с №
    Бюд­жет­тік сы­нып­та­ма ко­ды
    Бюд­жет­пен бар­лық бе­кі­ті­л­ге­ні
    Есеп­ті ке­зең­ге ар­нал­ған жос­пар
    Қар­жы­лан­ды­ру ли­мит­те­рі
    Офф­шор­лық тө­лем­дер­ді қо­са ал­ған­да, грант қа­ра­жа­ты­ның есе­бі­нен жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар
    есеп­ті ай­да­ғы
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    Жиы­ны:
    Ескертпе: Есепке байланысты гранттың іске асырылуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасары қол қояды.

    Байланысты гранттарды

    пайдалану барысы мен нәтижелері

    туралы есептілікті ұсыну қағидалары, мерзімдері және нысандары,

    сондай-ақ ұсынылатын ақпаратқа

    қойылатын талаптарға

    4-қосымша

    ________________________________________________

    (жобаның атауы) жобасы бойынша республикалық бюджеттен қоса

    қаржыландыру қаражатының жұмсалуы туралы ақпарат

    Функционалды топ

    Мекеме

    Бағдарлама

    Кіші бағдарлама

    Донор

    20___ жылғы «__»_____ жағдай бойынша

    Р/с №
    Са­нат­тың ата­уы
    Са­нат­тың со­ма­сы
    Та­у­ар­лар­дың, көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің (жұ­мыстар­дың) өнім бе­ру­ші фир­ма­сы
    Ке­лі­сім­шар­ттың со­ма­сы (ке­лі­сім­шарт ва­лю­та­сын­да)
    Ке­лі­сім­шар­тқа қол қой­ы­л­ған күн
    АҚШ дол­ла­рын­да жұм­сал­ған қа­ра­жат
    Рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­те көр­се­ті­л­ген шы­ғы­стар
    Ерекше­лі­гі
    Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың АҚШ долл.)
    Кас­са­лық шы­ғы­стар (мың тең­ге)
    есеп­ті ке­зең үшін
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    есеп­ті ке­зең үшін
    жыл ба­сы­нан бер­гі
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    Жиы­ны:
    Ескертпе:
    1. Есептілікке байланысты гранттың іске асырылуы үшін жауапты Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органының немесе өзге де мемлекеттік органының басшысы немесе оның орынбасарлары қол қояды.
    2. 7-бағанда жоба әрекеті басталғаннан бергі жұмсалған сома көрсетіледі.

    Бірлескен бұйрыққа

    2-қосымша

    Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары

    1. Осы байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 167-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалау тәртібін айқындайды.

    2. Байланысты гранттардың пайдаланылуын бағалауды ұсынудың мақсаты байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау болып табылады.

    3. Бюджет саясаты жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 167-бабының 2-тармағына сәйкес келіп түскен мынаны қамтитын ақпараттың негізінде:

    1) байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау нәтижелері;

    2) байланысты гранттардың қаражатын пайдалану барысы мен нәтижелерінің донормен жасалған грант туралы келісімшарт талаптарына, сондай-ақ донорлардың байланысты гранттарды беру рәсімдері мен саясатына сәйкестігін бағалау.

    Байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы есептілік байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау жөніндегі ақпаратты дайындау көзі болып табылады.

    Байланысты гранттарды пайдалану тиімділігін бағалау төменде көрсетілген ақпаратты өңдеу және талдау әдістерінің негізінде жүргізіледі.

    Байланысты гранттарды іске асыру барысында қол жеткізілген тікелей материалдық немесе материалдық емес салдарлар болып табылатын нәтижелерге бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:

    заттай мәндегі жұмыстар көлемінің, іске асыру мерзімдері мен қаржы шығындарының байланысты грантты жоспарлау сатысында көзделген тиісті көрсеткіштерге сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;

    көрсеткіштердің стандарттар талаптарына және жоспарлау сатысында қалыптастырылған өзге де талаптарға сәйкес келу дәрежесі белгіленеді;

    жоспарлау сатысында қабылданған алғы шарттарды (бастапқы деректерді), сондай-ақ күтілетін ағымдағы шығындар мен оларды қаржыландыру көздерін растау дәрежесі белгіленеді;

    жобаны іске асыру барысында туындаған кедергілер мен оларды жою шаралары талданады және іске асыруға қатысушы тараптардың іс-қимылы бағаланады;

    жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу тиімділігі туралы қорытынды жасалады.

    Аяқталған жобаның әлеуметтік-экономикалық жағдайға ықпалына бағалау жүргізген кезде мынадай әдістер қолданылады:

    Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуде басқа жобалар қатарындағы жобаның үлесінің арақатынасы белгіленеді;

    ағымдағы шығындар туралы нақты мәліметтер және жоспарлау сатысында құрылған алғышарттарды (бастапқы деректерді) растау дәрежесі талданады;

    Мемлекеттік жоспарлау жүйесінде жоспарланған мақсаттарға қол жеткізуге жоба үлесінің тиімділігі туралы қорытынды жасалады.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.