Жәнібек ауданы әкімінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №7 «Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы», «Құқықтық актілер туралы» Заңдарына және Жәнібек аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2025 жылғы 4 шілдедегі №7 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. «Жәнібек ауданы Қамысты ауылы аумағындағы жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы» Жәнібек ауданы әкімінің 2025 жылғы 9 маусымдағы №7 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің м.а.
М.Бисенов
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.