Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің Петровка ауылының шекараларын (шегін) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 3) тармақшасына сәйкес, Астрахан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес жалпы алаңы 2745,5 гектар Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің Петровка ауылының шекаралары (шегі) белгіленсін.
2. Осы бірлескен қаулы және шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Астрахан ауданының әкімі
Т.Ерсейітов
Астрахан аудандық мәслихатының хатшысы
М.Қожахмет
Бірлескен Астрахан
ауданы әкімдігінің
2025 жылғы 08 шілдедегі
№ А-7/159 қаулысына
және Астрахан аудандық
мәслихатының
2025 жылғы 08 шілдедегі
№ 8С-40-2 шешіміне
қосымша
Астрахан ауданы Николаев ауылдық округінің Петровка ауылының шекаралары (шегі)
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.