«Бақылау-касса машиналарын қолданудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Бақылау-касса машиналарын пайдаланудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы № 208 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16508 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бақылау-касса машиналарының модельін бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) қағидаларында:
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымшада:
Ақшалай есеп айырысу туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына беруді қамтамасыз ететін техникалық талаптар және бақылау-кассалық машиналардың техникалық талаптарға сәйкестілік нысанында:
1-бөлім. Деректерді тіркеу және беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарға қойылатын талаптар:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6.2-жолмен толықтырылсын:
«
|
6.2.
|
Тауарды таңбалаудың міндетті сәйкестендіргіші болған жағдайда операцияларды ресімдеуге жол бермеуді көздейтін таңбаланған өнімдердің штрих-кодын сканерлеу және тану кезінде операциялардың жүргізілуін бақылауды қамтамасыз ету
|
».
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
М. Такиев
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.