Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    ЖаңаӘкімдіктің актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 4 шілде 2025 ж.

    Павлодар облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

    Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Павлодар облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

    1) «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға теріс әсер ету үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы № 350/31 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6425 болып тіркелген);

    2) «Павлодар облыстық мәслихатының 2019 жылғы 14 маусымдағы «Павлодар облысы бойынша қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы» № 350/31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Павлодар облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 сәуірдегі № 146/12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27646 болып тіркелген).

    2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Павлодар облыстық мәслихатының төрағасы

    И. Теренченко

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.