Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округі Батан ауылындағы атауы қайталанған көшелерге қайта атау беру
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4-тармақшасына сәйкес, Жамбыл ауылдық округі Батан ауылының халқының пікірін ескере отырып және 2025 жылғы 11 маусымдағы Алматы облыстық ономастикалық комиссия отырысының қорытындысы негізінде, Қарасай ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл ауылдық округіне қарасты Батан ауылыныңатауы қайталанған көшелеріне қайта атау берілсін:
1) Батан ауылында орналасқан атауы қайталанған көшелерге атау беру:
1. Көктем 1 - ші көшесін – «Көктем» көшесіне,
2. Көктем 2 - ші көшесіне – «Құлагер» көшесіне өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарына мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік он күннен соң қолданысқа енгізіледі.
Округ әкімі
Е. Омербаев
Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.