«Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    ЖаңаМинистрлік пен ведомствоның актісі
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 3 шілде 2025 ж.

    «Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН:

    1. «Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 8 маусымдағы № 325 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28451 болып тіркелген) мынандай өзгерістер енгізілсін:

    кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

    «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16- бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 40) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

    жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды жоспарлау және жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын мониторингтеу қағидаларына 6-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

    2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіптік инфрақұрылымды және елішілік құндылықты дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

    1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

    2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.

    4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

    Е. Нагаспаев

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасы

    Стратегиялық жоспарлау

    және реформалар агенттігінің

    Ұлттық статистика бюросы

    «КЕЛІСІЛДІ»

    Қазақстан Республикасының

    Ұлттық экономика министрлігі

    Қазақстан Республикасының

    Өнеркәсіп және құрылыс министрінің

    2025 жылғы 3 шілдедегі

    № 243 Бұйрыққа

    қосымша

    Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған

    шарттарды жоспарлау және жасасу,

    сондай-ақ олардың орындалуын

    мониторингтеу қағидаларына

    6-қосымша

    Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

    Ұсынылады: Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысан интернет – ресурста орналастырылған: Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсы (https://www.gov.kz/memleket/entities/miid?lang=kk).

    Әкімшілік нысанның атауы: өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанның индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-цифрлық көрінісі): ЦЭФ16.

    Кезеңділігі: тоқсан сайын.

    Есептік кезең: ____ жыл тоқсан сайын.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын адамдар тобы: Тапсырыс беруші.

    Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін электрондық тасығышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі).

    ЖСН/БСН
    (деректерді жеке тұлғалар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
    Жинау әдісі: қағаз тасығышта
    Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттарды орындау барысы туралы есеп
    Өнім бе­ру­ші­нің ата­уы
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің ата­уы
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар­дың және көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің тех­ни­ка­лық ерекше­лі­гі
    Та­у­ар­лар­дың, жұ­мыстар мен көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­дің бі­рың­ғай но­мен­кла­ту­ра­лық анық­та­ма лы­ғы­ның ко­ды
    Ор­ны, мер­зі­мі және шар­тта­ры
    Оф­тейк-ке­лі­сім­шар­ттар және ке­лі­сім­шар­ттық са­тып алу шар­тта­ры та­лап­та­ры­ның орын­да­лу ба­ры­сы ту­ра­лы ақ­па­рат
    Өзге­рі­стер мен то­лық­ты­ру­лар­дың бо­луы, олар­дың мәні мен орын­да­лу мәр­те­бе­сі
    Ке­лі­сім­шар­ттық са­тып алу шар­тта­ры бой­ын­ша Заң­ның 49-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген қо­сым­ша та­лап­тар, олар­дың мәні мен орын­да­лу мәр­те­бе­сі
    Ескертпе: Нысанды толтыру бойынша түсініктеме осы нысанға қосымшада келтірілген.
    Атауы_____________________
    __________________________________
    Мекенжайы _______________________
    ____________________________

    Телефон________________________________________________________

    Электрондық пошта мекенжайы ________________________________________

    Орындаушы _______________________________________/__________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефоны

    Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам

    _____________________________________________/__________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

    ____________________ Мөрге арналған орын (жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын адамдарды қоспағанда)

    «Өнеркәсіпті дамытуға

    бағытталған шарттардың

    орындалу барысы туралы

    есеп» әкімшілік деректерін

    жинауға арналған ақпарат

    нысаныға қосымша

    «Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп» әкімшілік деректерін жинауға арналған ақпарат нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме (ЦЭФ16, тоқсан сайын).

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы түсініктеме (бұдан әрі – Түсініктеме) «Өнеркәсіпті дамытуға бағытталған шарттардың орындалу барысы туралы есеп» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай тәртіпті айқындайды.

    2. Нысан «Өнеркәсіптік саясат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 40) тармақшасына сәйкес әзірленді.

    3. Нысан: тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін электрондық тасығышта (электрондық пошта және электрондық құжат айналымы жүйесі) ұсынылады.

    4. Нысанға тапсырыс беруші немесе есепке қол қоюға уәкілетті тұлғалар және жауапты тұлға қол қояды.

    2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірмелер

    1) «1» бағанда: «Өнім берушінің атауы» толтырылады;

    2) «2» бағанда: «Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің атауы» толтырылады;

    3) «3» бағанда: «Тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі» толтырылады;

    4) «4» бағанда: «Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамалығының коды» толтырылады;

    5) «5» бағанда: «Орны, мерзімі және шарттары» толтырылады;

    6) «6» бағанда: «Офтейк-келісімшарттар және келісімшарттық сатып алу шарттары талаптарының орындалу барысы туралы ақпарат» толтырылады;

    7) «7» бағанда: «Өзгерістер мен толықтырулардың болуы, олардың мәні мен орындалу мәртебесі» көрсетіледі;

    8) «8» бағанда: «Келісімшарттық сатып алу шарттары бойынша Заңның 49-бабының 2-тармағында көзделген қосымша талаптар, олардың мәні мен орындалу мәртебесі» көрсетіледі.

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.