«Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Черноярка ауылындағы «Диханшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» шешімінің күшін жою туралы

    ЖаңаӘкімнің актісі тіркелмеген
    Нұсқаның өзектілігі
    Өзекті нұсқа 26 маусым 2025 ж.

    «Көкпекті ауданы Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Черноярка ауылындағы «Диханшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеу іс-шараларын белгілеу туралы » шешімінің күшін жою туралы

    Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 35 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария» туралы Заңы 10-1 бабының 7 тармақшасына , Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекция басшысының 2025 жылғы 26 маусымдағы № 199 ұсынысы негізінде, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

    1. Көкпекті ауданы, Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округінің Черноярка ауылындағы «Диханшы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі мүйізді ірі қара малдардың арасында бруцеллез инфекциялық ауруына қарсы ветеринариялық-санитарлық іс-шараларды жүргізу және ошақты жоюүшін еңгізілген ветеринарлық шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

    2. Қойгелді Аухадиев ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 30 қазанындағы шектеу іс-шараларын белгілеу туралы №1 шешімнің күші жойылсын.

    3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

    4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

    Ауылдық округ әкімі

    Е.Кузембаев

    Мәтін танысу мақсатында ұсынылған; ресми қолдану үшін Қазақстан Республикасы заңнамасының қолданыстағы редакциясымен салыстырыңыз.